Кітапхана

Бұл курс Ли Энн Пек және Гай С. Рилдің «Медиа этика. Жас мамандардың тәжірибесінен» оқулығы аясында өтеді. Еңбекте қызметтің алғашқы сатысында болған оқиғалар мен оларды пайымдауға мүмкіндік беретін құралдар қарастырылған. Кітапта қамтылған оқиғалардың барлығы бұқаралық медиада, көпшілікпен байланыс саласында, жарнама, мерзімді басылым мен радиода және онлайн журналистикада жас мамандардың басынан өткен. 

Дилеммаларда жас мамандар әділетсіздік, біржақты көзқарас, сенсация, мүдделер қақтығысы секілді проблемалармен бетпе-бет келеді. Бұл мәселелер медиа-карьера баспалдағында жиі ұшырасады. Айырмашылығы – еңбек өтілі аз жас мамандар оқиғаның этикалық аспектілерін көрмей, өз қалауымен әрекет етуі мүмкін.

Бұл курста Ли Энн Пек және Гай С. Рил кітабының басты идеялары мен концепцияларын айтуға талпындық. Курстың әрбірі жиырма минутты қамтитын 25 дәрістен тұрады. Әрбір дәріске кітаптағы негізгі ойлар мен қағидаларды пысықтау үшін конспектілер мен сұрақтар дайындалды.

Осы курс медиа этика мәселелерін терең түйсініп, оның тәжірибедегі қолданысына көмегі тиеді деген сенімдеміз.