Оксфорд университетінің профессоры А.Моррисонның дәрістері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультеті Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасына 2019 жылдың 16-29 наурыз күндері іс-сапармен Ұлыбританияның Оксфорд университеті профессоры, Орталық Азия мен Оңтүстік Азия тарихы бойынша атақты ғалым Александер Моррисон келді. Аталған уақыт аралығында профессор А. Моррисон факультеттің магистранттары мен докторанттарына арналған «India 1757 – 1947: Empire, Nationalism and Independence» атты тақырыпта лекциялар курсын оқыды. Сонымен қатар докторанттарға Орталық Азия тарихына қатысты соңғы ғылыми ізденістермен таныстырып, түрлі талқылаулар өткізді. Жекелеген докторанттарға ғылыми-ізденіс жұмыстарына байланысты кеңестер де берді.