kaztrk.kz: Алматыда «Ботай мәдениеті және Орталық Азиядағы басқа да энеолиттік ескерткіштер» конференциясы өтті

06.04.2019

Көрулер: 1202

Алматыда «Ботай мәдениеті және Орталық Азиядағы басқа да энеолиттік ескерткіштер» конференциясы өтті. «Ботай мәдениеті және Орталық Азиядағы басқа да энеолиттік ескерткіштер». Алматыда осындай атаумен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған әлемнің әр қиырынан археологтар мен тарихшылар арнайы келді. Себебі, халықаралық «Фараби оқулары» аясында ұйымдастырылған алқалы басқосудың ауқымы кеңейді.

Жалпы, кейінгі жылдары Еуропаның тарихшыларын ұлы даладағы көшпенді тұрмыстың жасампаздығы қатты толғандыра бастаған. Сондықтан, олар қазақ жеріндегі археологиялық кешендерге зерттеу жасауға ниетті.

Отандық ғалымдар бұл Елбасының мақаласында көрсетілген «Салт аттылар» өркениетін әлемге әйгілеуге жол ашады деп есептейді. Осы себепті, археологтар Ботай тұрағын бірігіп зерттеу нәтижесінде, тың дүниелерді ғылыми айналымға енгізбекші.                         

Меңдігүл Ноғайбаева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультетінің деканы:

Бүгінгі конференциядан біз өте жақсы нәтижелер  күтудеміз. Себебі, конференция жұмысына Ұлыбританияның, Францияның, Ресейдің  және өзіміздің Қазақстанның осы саладағы жетекші ғалымдары қатысуда. Бұл біріншіден, археологиялық зерттеулерге  жаңа серпін береді деп ойлаймыз.  Бүгінгі конференцияда бас қосып отырған әртүрлі салалардың өкілдері осы біздің көне даламыздың тұнып тұрған мұраларын жаңаша тұрғыда зерттеп, бұған жаңаша бағыт береді деп ойлаймыз.

http://kaztrk.kz/news/madeniet/almatyda-botai-madenieti-zhane-ortalyq-aziyadagy-basqa-da-eneolittik-eskertkishter-konferenciyasy-otti-126591