Фараби оқулары
Көрулер: 6598
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сәуір айының 2-12 жұлдызы аралығында VI Халықаралық Фараби оқуларын өткізеді.
2014 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әр түрлі бағыттағы өзекті ғылыми, саяси және әлеуметтік мәселелерді талқылайтын ашық алаң ретінде жыл сайынғы Халықаралық Фараби оқуларын өткізу дәстүрге айналған.
VI Халықаралық Фараби оқулары аясында мемлекет пен тұлғаны, қоғамды дамытудағы мәселелерді шешу үшін шетелдік және қазақстандық ғалымдардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған ірі халықаралық ғылыми іс-шаралар өтеді.
Фараби оқуларына Қазақстан университеттері мен жақын және алыс шет елдердің ғылыми мекемелерінің ғалымдары, оқытушылары мен студенттері қатысады.
Фараби оқулары шеңберінде келесі іс-шаралар:
- 2-3 сәуірінде «Әл-Фараби және қазіргі заман» VI Халықаралық Фараби форумы;
- 3-12 сәуір аралығында факультеттердің халықаралық ғылыми конференциясы;
- 8-11 сәуір аралығында «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.
Ғылыми-техникалық іс-шаралар Огайо Университетінің (АҚШ), Хамад Бин Халифа университеті Исламдық зерттеулер колледжінің (Катар), Эксетер университетінің гуманистік биоархеология орталығының (Ұлыбритания), Франкофония халықаралық агенттігінің (Румыния), Пусан университетінің (Оңтүстік Корея), Каир университетінің (Египет), Челябі мемлекеттік тарихи-мәдени "Аркаим" қорығы мен РҒА философия институтының (Ресей) және т.б. ғалымдарының қатысуымен өтеді.
2-3 сәуір 2019 ж.
«Әл-Фараби және қазіргі заман» VІ Халықаралық Форумы
Форум бағыттары:
- • Рухани жаңғыру: Ұлттық кодты сақтау мен дамыту;
- ХХІ ғасырдың жастары мен ғылымы: нақтылық пен болашақ;
- • Әл-Фараби ғылымдарының классификациясы және қазіргі жаратылыстанудың өзекті мәселелері;
- • ХХІ ғасыр инновациялық әлеуеті және тұрақты даму мәселелер;
- • Ғылыми өлшем және қоғамның ғылыми-технологиялық дамуын басқару;
- • Адам капиталы ұлттың интеллектуалды әлеуетінің негізі ретінде
Өткізілетін орны: әл-Фараби ғылыми кітапханасы
Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Философия және политология факультеті. Жауапты: Меирбаев Бекжан Берикбаевич, тел. 8(727)377-33-33, ін.17-42, 87073959894, 87012721704. Bekshan.Meirbaev@kaznu.kz
3 сәуір 2019 ж.
««Әл-Фарабидің рухани мұрасы мен қазіргі заманғы Шығыс»
халықаралық ғылыми-практикалық конференция
Конференция бағыттары:
- • Шығыс елдеріндегі ғылыми және интеллектуалды дискурс;
- • Шығыстың дәстүрлі және қазіргі заманғы мәдениеті;
- • Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы;
- • Мысыр, Түркия және Ирандағы Фарабитану).
Өткізілетін орны: Шығыстану факультеті
Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Шығыстану факультеті. Габдуллин К.Т., тел: 8 (727) 377-33-33, gabdullin.kenzhebek@kaznu.kz
4-6 сәуір 2019 ж.
«Ботай мәдениеті және Орталық Азиядағы энеолиттік мәдениеттерді халықаралық зерттеу қорытындылары», халықаралық ғылыми-практикалық конференция
Конференция жұмыстарының бағыттары:
- • Ботай тұрақтары және Ботай мәдениетінің өзге де нысандарын зерттеудің халықаралық көпсалалы экспедициясының нәтижелері және болашағы
- • Орталық Азия энеолитінің кезеңделуі, хронологиясы және трансформациясы мәселелері
- • Ботай мәдениеті дала өркениетінің бастауы және оның адамзат тарихындағы маңызы
Өткізілетін орны: әл-Фараби ғылыми кітапханасы.
Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Тарих, археология жəне этнология факультеті. «Археология және дала өркениеттері» ғылыми-зерттеу институты. Зайберт В.Ф., Омаров Ғ.Қ. тел:87018210015; Ермекбаева А.Ш.
тел:87714488533. ainur_kaznu@gmail.com
5-6 сәуір 2019 ж.
«Әл-Фарабидің аударма әлемі және шет тілдерін меңгеру аспектісіндегі мәдениетаралық зерттеулердің трансформациясы»
халықаралық ғылыми-практикалық конференция
Конференция жұмыстарының бағыттары:
- • Шет тілдерін оқыту әдістері
- • Көптілді білім беру және тілдік саясат
- • Аударма ғылымы және мәдениетаралық қарым-қатынас
- • Дипломатиялық аударма және халықаралық қатынастар
- • Ауызша және жазбаша аудармашылардың жаңа технологияларды қолданып қарым-қатынас жасауы
- • Мәдениетаралық қатынастар және олардың саяси ықпалы
Өткізілетін орны: Механика-математика факультетінің қызыл залы.
Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Халықаралық қатынастар факультеті. Сейдикенова А., тел. 8(727) 377-33-33, ін.17-80, 87073959894, Almash.Seidikenova@kaznu.kz
5-6 апреля 2019 г.
Зертханалық медицина бойынша 1-ші Халықаралық Конгресс: «Клиникалық медицинадағы зертханалық диагностика: дәстүрлер және жаңалықтар»
Конференция жұмыстарының бағыттары:
- • Зертханалық диагностиканың клиникалық медицинадағы рөлі;
- • Зертханалық медицина, заманауи шақырулар;
- • Ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғаудағы зертханалық медицина;
- • Педиатрия, иммунология және аллерголологиядағы зертханалық медицина;
- • Қазақстанда вирустық гепатиттің диагностикасы бойынша талқылау.
Өткізілетін орны: әл-Фараби ғылыми кітапханасы.
Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Медицина және денсаулық сақтау факультеті. Калматаева Ж., тел. 8(727) 377 33 33;
ін.16-10;. Zhanna.Kalmatayeva@kaznu.kz
9-10 сәуір 2019 ж.
««Қазақстан мультиполярлы әлемде: экономикалық сценарийлер»
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Конференция жұмыстарының бағыттары:
- • ХХІ ғасыр: әлемдік кеңістіктегі ұлттық экономиканың даму келешегі;
- • Мультиполярлық әлемдегі басқару: үрдістер мен перспективалар;
- • Мультиполярлық әлемді қалыптастыру жағдайындағы бухгалтерлік есеп және аудит;
- • Жаңа қаржылық технологиялар нарығы: мәселелер мен шешімдер.
Өткізілетін орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Қаржы» кафедрасы, ГУК-3Б.
Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі. Жидебеккызы А., тел. 8 (727) 377-33-33, ін.12-90. Aknur.Zhidebekkyzy@kaznu.kz
10 сәуір 2019 ж.
«Ұлы Дала мәдениетінің рәміздері, жәдігерлері және ескерткіштері»
халықаралық ғылыми конференция
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
- • Қоғамдық сана модернизация үдерісіндегі рәміздік феномендер.
- • 2050 Стратегиясы мәнмәтінде Қазақстанды модернизациялаудағы мәдени ескерткіштердің рөлі мен орны.
- • Ғаламдану заманауи теориялары және олардың этникалық, ұлттық мәдениеттерге ықпалы.
- • Қазақстан мәдениеттануында Дала мен Қала концепциясы.
- • Ұлы Даладағы өркениеттілік үдерістер ілімі.
- • Қазақстандағы мәдени туризм. Ұлы Даладағы мәдениеттер сұхбаты, ұлттық код және құндылықтар.
Өткізілетін орны: Философия және саясаттану факультеті, 123 ауд.
Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті. Курманалиева А.Д., тел. 8(727) 8(727) 377-33-33, вн.21-24, Ainura.Kurmanalieva@kaznu.kz
8-10 сәуір 2019 ж.
«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы
Өткізілетін орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің факультеттері.
Ұйымдастырушы: Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент. Жауапты: Ұзақбай Сандуғаш, тел. 8 (727) 221-11-62, sandugash.uzakbay@gmail.com
2019 жылдың 11-ші сәуірінде «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясының жабылу салтанаты аясында студенттік бизнес инкубаторлардың инновациялық жобаларының байқауы, сондай-ақ студенттер мен жас ғалымдарды түрлі номинациялар бойынша марапаттау өтеді.
2019 жылдың 12 сәуірі күні VІ Халықаралық Фараби оқуларының салтанатты жабылуы өтеді.
VІ Халықаралық Фараби оқуларының аясында өткізілетін іс-шараларлар жайлы толық ақпаратты ұйымдастырушы-факультеттердің ақпараттық хаттарынан алуға болады.
VІ Халықаралық Фараби оқуларының ұйымдастырушылардың мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, п/и 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтты университеті. Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент. Тел. 8(727) 377-33-33, ін.11-62, 16-62.
Слямова Эльмира, E-mail: Elmira_slyamova@mail.ru;
Ұзақбай Сандуғаш, E-mail: Sandugash.Uzakbay@kaznu.kz