5B073100 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 3 курс студенті Бөтейбек Лаура XIII Республикалық пәндік олимпиададан III орын алды

15.04.2021

Көрулер: 2244

 

XIII Республикалық пәндік олимпиада алғашқы рет ондайн форматта Е.А.Букетов атындағы Қарағанды ​​университетінің ұйымдастыруымен 2021 жылы 8-9 сәуірде өтті.

Олимпиада 6В11201(5В073100) «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша келесі пәндерден өткізілді:

«Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі негіздері» және

«Өрт қауіпсіздігі».

Олимпиада қорытындысы бойынша жоғарыда аталған мамандықтың география және табиғатты пайдалану факультетінің студенті Бөтейбек Лаура 3 ші орынға ие болды.

Студенттердің жетекшісі - Бергенева Н.С., Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценті