«Тұрақты даму мақсаттарына аясында ғарыш технологиялары»

Ғылыми пікірсайыс тақырыптары:

- Ғарыштағы биотехнология және тұрақты даму;

- Күн энергиясы және ғарыш технологиялары;

- Ғарыш өркениеті контексіндегі заманауи үндеулер.

 

Ақпарат:

12 сәуір – Адамзат ғарышқа аяқ басқан Халықаралық күн. 1961 жыл сәуір айының он екінші жұлдызы адамзат тарихын өте маңызды да белгілі оқиға орын алды. Бұл күн адам баласы алғаш рет Жер шарын ғарыштан көрді. Ғарышты алғаш әлемге танытқан Юрий Гагарин аңызға айналған «Восток» ғарыш кемесімен Жер шары орбитасын жүз сегіз минутта айналып ұшты. Ғарышқа аттаған бұл қадам тарихты мүлдем «бұрын» және «кейін» деген атаулармен жаңа арнаға бұрды.  Юрий Гагариннің   қадамы адамзат санасын   ғарышқа жақындатты. Адамзат жыл сайын 12 сәуірде ғарыш кеңістігін игеру мақсатында атап өтеді. Ғарышты алғаш ашқандардан бастап, адамзат үшін ғарыш кеңістігін кеңейтуге ұмтылған әрбір тұлға Авиация және космонавтика күніне үлес қосады.

Ғылыми семинар жұмысына әл-Фараби ат. ҚазҰУ механика-математика, физика-техникалық, биология және биотехнология және журналистика факультеттері PhD докторанттары,  магистрантары және студентері қатысады.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әль-Фараби даңғылы, 71

Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарыынң докторы, профессор

Гульмира Султанбаева

Телефон: 377-3333, вн. 1492; +77011527488, +77073777049

 

Механика-математика факультеті

Механика кафедрасының меңгерушісі – ф.-м.ғ.к., доцент

Зауре Ракишева

Телефон: 377-3333, вн. 3136; +77017134603

Басылым күні :  13.03.2019