АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Көрулер: 1935
2020 жылдың 25 қарашасында сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетіндегі Е. Шәймерденов атындағы аудиторияда БҰҰ Бүкіләлемдік телевидение күні аясында ғалым, ұстаз Молдахан Абдраевтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ тележурналистикасы - ұлттық құндылықтардың капиталы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтеді.
Конференцияда Молдахан Абдраевтың «Тележурналистиканың интеллектуалды құрылымы» атты оқу құралының тұсаускесері өткізіледі. Сонымен бірге ғалым еңбектерінің арнайы көрмесі ұйымдастырылады.
Іс-шараға Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағы, БҰҰ өкілдері, шетелдік ғалымдар, Республикалық БАҚ басшылары мен танымал журналистер, қоғам және мемлекет қайраткерлері, профессор-оқытушылар құрамы қатысады.
Қосымша ақпарат:
Абдраев Молдахан Кәріпбайұлы 1960 жылы 20 қазанда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылында дүниеге келген. 1991 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген, филология ғылымдарының кандидаты, 1991-2000 жылдары республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде, Республикалық телерадиокорпорациясында, Шығыс Қазақстан облыстық газетінде, Шығыс Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясында басшылық қызметтер атқарған. 2001 жылдан 2015 жылға дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универститетінде аға оқытушы, әрі М.К. Барманқұлов атындағы телерадиокешенінің директоры қызметін атқарып келді. Бүгінде Баспасө және электронды БАҚ кафедрасының аға оқытушысы.
2010 жылы профессор Н.О. Омашевтың ғылыми жетекшілік етуімен «Әбіш Кекілбаевтың көсемсөзгерлік шеберлігі» (публицистикалық) тақырыбында кандидаттық дисертациясын қорғап, 2013 жылы «Кестелі сөз кемеңгері» монографиясын жазып шықты. «Асқаровтың қолтаңбасы», «Екі Кенен тумайды», «Білім кеңістігі», «Айқап» журналы мен «Қазақстан» газетінің 100 жылдығына орай», «Қазақ» газетінің 100 жылдығы мен Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл толуына орай, «Ұлт санасының зергері», «Ұстаздың биік тұлғасы» (Салық Зиманов туралы), «Әз Наурыз құтты болсын!», «Ешкімге ұқсамайтын елес бейне», (С.Әбдірайымұлы туралы), «Ғасырдың жүгін арқалап» (Ө.Әбдиманұлы – 60 жас», «Ғалымның дара тұлғасы» (Қ.Әбдезұлы – 60 жас) «80лет успехи КазНУ», «Звездный год КазНУ 2013», «Юбилейный год КазНУ 2014», «КазНУ университет ХХІ века», «Түлектер 2015» атты деректі фильмдердің авторы әрі редактор-режиссері болған.
М. Абдраев «Кестелі сөз кемеңгері», «Телехабар жасау технологиясы», «Тележурналистиканың интеллектуалды құрылымы» атты оқу құралдарының авторы.
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор Г.С. Султанбаева тел.: +77272211492, моб.: +77011527488, +77073777049
Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары А.Б.Ақынбекова, тел.: +77272211351, моб.: +77772750861
Онлайн ZOOM конференцияның жеке идентификаторы 661 345 5383
Код: HrUUC7