АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

29.10.2020

Көрулер: 1774

2020 жылдың 29 қазанында сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетіндегі Е. Шәймерденов атындағы аудиторияда филология ғылымдарының докторы, профессор, журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры Намазалы Омашұлы Омашевтың 70 жасқа толуына арналған «ҰЛТТЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА: ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтеді.

Конференцияда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің бекітуімен, «Өнегелі өмір» сериясы аясында жарық көрген Намазалы Омашұлы тұлғасына арналған кітаптың тұсаускесері өткізіледі. Сонымен бірге ғалым еңбектерінің арнайы көрмесі, фото-көрме ұйымдастырылады.

Іс-шараға Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағы, шетелдік ғалымдар, Республикалық БАҚ басшылары мен танымал журналистер, қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым мен профессор-оқытушылар құрамы қатысады.

Конференция материалдары жеке жинақта шығарылады. 

Жарияланымның негізгі шарты - баяндаманы конференцияға дайындау. Ұйымдастыру алқасы конференция басталғанға дейін бағдарлама мен баяндамалар жинағын дайындап шығарады. Баяндамалардың мазмұны конференция тақырыбына сәйкес болуы тиіс.

Материалдар 2020 жылдың 10 қарашасына дейін қабылданады. 

Жарияланым талаптары:

1. Баяндама (мақала) мәтіні 5 беттен аспайтын көлемде MS Word бағдарламасында әзірленуі қажет. Кестелер,сызбалар және суреттер атауымен Windows бағдарламасында құрылуы керек.

2.Беттің параметрлері: барлық өрістері - 2 см.

3. Қаріп: Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14.

4. Жоларалық интервал - 1. Абзац: 1,25 см.

5. Сілтемелерді пайдалана отырып, дереккөзді белгілеу қажет. Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында үлгіге сәйкес рәсімделеді. Әдебиетке сілтеме "квадрат" жақшада нөмірлерге сәйкес ретімен жасалуы керек. Мысалы: [1, 17].

Мақаланың (баяндаманың) элоктронды нұсқасын мына e-mail-ға жіберу қажет: seitzhanova.zhanat1@gmail.com

Редакциялық алқа баяндамаларды өздері таңдайды.

Конференцияға қатысу үшін өтінімді төмендегі нысан негізінде 2020 жылдың 29 қазанына дейін ұсыну қажет.

ТІРКЕУ НЫСАНЫ

1.Тегі, аты-әкесінің аты(толықтай)_________________

2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ____________

3. Мекеме, лауазымы ______________

4.Мекен-жайы___________________

5.Телефон (халықаралық байланыс кодымен, ұялы телефон)___________

6.E-mail___________________

7.Мақаланың тақырыбы________________

Баяндаманы конференцияға дайындау

Тыңдаушы ретінде қатысу

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор Г.С. Султанбаева тел.: +77272211492, моб.: +77011527488, +77073777049

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары А.Б.Ақынбекова, тел.: +77272211351, моб.: +77772750861

 

 

 

Онлайн ZOOM Конференцияның жеке идентификаторы 328 087 2220

Код: 123123k 

 

Онлайн ZOOM Конференцияның жеке идентификаторы 328 087 2220

Код: 123123k