АИ және БД КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫНА ШВЕЙЦАРИЯЛЫҚ БИЗНЕС МЕКТЕБІНІҢ СЕРТИФИКАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

17.02.2022

Көрулер: 1164

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушыларға Swiss SASEM швейцариялық бизнес-мектебінің біліктілікті арттыру курстарының халықаралық сертификаттары табысталды.

Оқыту «Өзгерістерді басқару: білім беру бағдарламаларының менеджменті, оқыту мен оқытудың инновациялық тәсілі», «Университетте коммерцияландыруды дамыту және стартаптар құру стратегиясы» және «Оқытушының жеке мансабын дамыту: халықаралық деңгейде сұраныста болу және бәсекеге қабілеттілік» атты білім беру бағдарламалары бойынша өтті.

Біліктілікті арттыру курстарының басты мақсаты – бәсекеге қабілетті білім беру өнімдері мен бағдарламаларын жасай алатын құзыретті оқу бағдарламаларын әзірлеуші оқытушылар тобын қалыптастыру. Сонымен қатар қолданбалы ғылымды коммерцияландыру және дамыту үшін мамандар даярлау, заманауи зерттеу университеті үшін құндылық әкеле алатын бәсекеге қабілетті кадрлардың құзыреттерін қалыптастыру міндеттері маңызды.

Оқытушылар білім алу барысында бірқатар қажетті тәжірибелік құзыреттерге ие болды. Атап айтқанда: оқытудың жаңа инновациялық әдістерін қолдануды, құзыреттердің жол карталары және олардың жетістіктерінің дидактикасын қалыптастыруды, білім беру бағдарламаларын дамытуға стейкхолдерлердің нетворкингін және тартылуын қалыптастыруды үйренді. Тыңдаушылар сонымен қатар университеттің қолданбалы ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыру құралдарын меңгерді. Коммерцияландыру өнімдерін ілгерілету, ұйымдастырушылық стратегия және персоналды басқарудың басқа да әдістері шеңберінде қабілеттерді басқару дағдыларын алды. Олар бұл дағдылар арқылы әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті бола отырып, халықаралық мансапты құру тәжірибесінде қолдана алады.

«Жеке мансапты дамыту» курсына қатысушылардың бірі Әсет Қыздарбекованың айтуынша, оқу барысында ол құнды білім, көптеген қызықты ақпараттар мен мансаптық мақсаттарды құруға арналған тәжірибелік машықтарды меңгерген. Ол көптеген жаттығуларды өз студенттеріне іс жүзінде қолданып үлгерген.

Адами капиталды дамытуға үлес қосу – университеттің маңызды стратегиялық міндеті. Оқытушыларды сапалы даярлау ЖОО-ның білім деңгейін арттырады. Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша университеттер 2021/22 оқу жылы ішінде ОПҚ, әкімшілік және басқару персоналының 20 пайызын оқыту бойынша іс-шаралар өткізуі тиіс. ҚазҰУ-да  бұл шамамен 1000 адамды құрайды.

Университет осы мақсатты сәтті жүзеге асыруда. Openoffice Swiss-SAVER халықаралық сертификаттарын ҚазҰУ-дың 120 қызметкері алды, олардың 25-і қосымша коучер сертификаттарының иегері атанды және өз әріптестерін оқытатын болады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Біліктілікті арттыру курстарына Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының оқытушысы Базарбек Жания Пархатқызы қатысып, сертификатпен марапатталды.