Наукенова Алтынай - Академик Ш.Есенов атындағы қор грантының иегері!

27.11.2020

Көрулер: 2828

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының докторанты Наукенова Алтынай академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының «Әлем зертханаларында ғылыми тағылымдамалар» байқауының жеңімпазы атанды.
Бағдарлама әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу зертханаларында ұзақтығы 3 айға созылатын жазғы тағылымдамадан өтуге 17 грантты ұсынды. Бағдарлама PhD дәрежесін алып, болашақта Қазақстанда ғылыми қызметпен айналысқысы келетін дарынды қазақстандық студенттер мен белсенді ғылыми қызметкерлерді қолдауға бағытталған.
Грант мөлшері - 7500 доллар.
Байқау шарты бойынша 17 гранттың 10-ы бакалавриаттың 2-3 курс студенттеріне, 7 грант бакалавриаттың соңғы курс студенттеріне, магистратураның 1-2 курстары мен қазіргі зерттеушілерге бөлінді. Сол 7 гранттың бірін біздің Алтынай жеңіп алды!
Құттықтаймыз!
VK-да жаңалық 
«Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдама» байқауы

Жеңімпаздар тізімі

Механика кафедрасы меңгерушісінің

оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Туралина Д.Е.