Беларусь университеттерінің делегаттарымен «APPLE» жобасы бойынша үйлестіру кездесуі

21.09.2020

Көрулер: 175

21- қыркүйек күні механика-математика факультетінде «APPLE»- (Ғарыш кеңістігін және интеллектуалды роботтар жүйесін зерттеу саласындағы қолданбалы оқу бағдарламасы жобасы бойынша Белорусь университеттерінің делегациясымен үйлестіру кездесуі өтті. Қазақстан атынан үйлестіруші болып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика кафедрасының меңгеруші Ракишева Зауре Баяновна тағайындалды. Механика-математика факультетінің деканы-Жакебаев Д.Б., деканның ғылыми инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары- Бектемесов Ж.М. және жоба мүшелері осы кездесуге қатысты. Қонақтар жағынан Белорусь мемлекеттік университетінің профессорлары- Саечников В.А.,  Чернявская Э.А., Белорусь Ұлттық техникалық университетінің профессорлары - Гутич И.И., Трофименко Е.Е., Белорусь мемлекеттік радиотехника және радиоэлектроника университетінің профессорлары -Прытков В.А., Лукашевич М.М. қатысты.

Кездесудің мақсаты ғылыми ынтымақтастықты дамытуды талқылау, жобаның жаңа пәндерін қамтитын білім беру бағдарламаларын талқылау және тетро-кеңсе жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу болды. Қонақтар үшін университет зертханалары бойынша экскурсиялар және ситуациялық орталыққа, студенттерге қызмет көрсету орталығына, үдерістік инновациялар орталығына, кітапханаға бару арқылы кампус-тур өткізілді. Үйлестіру кездесуінің қорытындысы бойынша ҚазҰУ мен Беларусь университеттері арасында екіжақты шарттар жасасу, сондай-ақ ғарыштық технологиялар саласындағы одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді

Қонақтар жағынан Белорусь мемлекеттік университетінің профессорлары- Саечников В.А.,  Чернявская Э.А., Белорусь Ұлттық техникалық университетінің профессорлары - Гутич И.И., Трофименко Е.Е., Белорусь мемлекеттік радиотехника және радиоэлектроника университетінің профессорлары -Прытков В.А., Лукашевич М.М. қатысты.

Кездесудің мақсаты ғылыми ынтымақтастықты дамытуды талқылау, жобаның жаңа пәндерін қамтитын білім беру бағдарламаларын талқылау және тетро-кеңсе жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу болды. Қонақтар үшін университет зертханалары бойынша экскурсиялар және ситуациялық орталыққа, студенттерге қызмет көрсету орталығына, үдерістік инновациялар орталығына, кітапханаға бару арқылы кампус-тур өткізілді. Үйлестіру кездесуінің қорытындысы бойынша ҚазҰУ мен Беларусь университеттері арасында екіжақты шарттар жасасу, сондай-ақ ғарыштық технологиялар саласындағы одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

APPLE-Ғарыш кеңістігін және интеллектуалды роботтар жүйесін зерттеу саласындағы қолданбалы оқу бағдарламасының мақсаты: ғарыштық зерттеулер мен интеллектуалды робототехникалық жүйелер саласында қолданыстағы оқу бағдарламаларын бейімдеу, жаңғырту және қайта құрылымдау; осы саладағы жаңа үрдістерге, еңбек нарығында сұранысқа және Болон процесіне сәйкес жаңа сертификатталған курстар әзірлеу; инновациялық оқу бағдарламаларын тестілеу және нәтижелерді тарату.

 

Бейсембекова М.К.

Механика кафедрасы