Механика кафедрасының жас ғалымдары ҚР БҒМ грантын жеңіп алды
Көрулер: 1836
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас ғалымдарының жобасы жас ғалымдарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жариялаған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсында жеңіске жетті.
Философия ғылымдарының докторы PhD, механика кафедрасының доценті Қарлығаш Алибаеваның жетекшілігімен ғылыми топ әзірлеген «Технологиялық ұңғымаларды ұтымды отырғызу және жер асты шаймалау әдісімен уранды өндіру кезінде олардың жұмысын басқарудың сандық технологиясы» жобасы «Цифрлық Қазақстан» атты маңызды мемлекеттік бағдарламаны қамтиды.
Гранттар үш жылға, 2020-2022 жылдарға бөлінді. Қаржыландыру көлемі бұйрық министрліктің сайтында жарияланғаннан кейін белгілі болады.
Құттықтаймыз!
Жаңалық Инстаграмда https://www.instagram.com/p/B_WxwcDll8q/
Туралина Д.Е.
Механика кафедрасы