«Фараби әлемі» конференциясы онлайн режимде өтті

16.04.2020

Көрулер: 1855

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультетінде жас ғалымдар мен студенттердің «Фараби әлемі» конференциясы алғаш рет онлайн режимде өтті.

6-9 сәуір аралығында өткен конференция аясында механика кафедрасының ұйымдастыруымен «Тұтас орта механикасы», «Теориялық және қолданбалы механика» және «Ғарыштық техника және технологиялар» секциялары жұмыс істеп, барлығы 40 тан астам баяндамалар тыңдалды. Жас ғалымдардың баяндамалары қазіргі таңда өзекті болып табылатын қайта жаңаратын энергия көздері, робототехникалық жүйелер, ғарыш аппараттарын және оның құраушыларын жобалау және т.б. механиканың өзекті тақырыптарын қамтыды. Үздік баяндама жасаған студенттер Дипломдар және арнайы Грамоталармен марапатталды.

Жаңалық ВК-да: https://vk.com/public181736180?w=wall-181736180_37

Механика кафедрасы

Туралина Д.Е.