«Нейронды протез» жобасы үздік деп танылды!

16.04.2020

Көрулер: 1898

ҚазҰУ студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобаларының жыл сайынғы байқауы өтті.

Бұл байқауға механика – математика факультеті механика кафедрасының жас ғалымдары да белсене қатысып үш бірдей жоба ұсынды.

1 жоба тақырыбы -«Smart Sity» бағдарламасы аясындағы ақылды үй құрылғысы. HWCS. Арнайы үй жағдайын қашықтықтан бақылап, басқару. Қысқаша айтқанда ақылды үйді бір ғана құрылғымен басқару. Яғни барлық үйде орнатылған құрылғылар бір жүйеге жинақталады. Соның арқасында үй қауіпсіздігін арттырады, жайлылық сыйлайды.

Жоба авторлары: Механика кафедрасының оқытушысы Сағитжанов Берік және РЖ мамандығының 2 курс студенті Убайдуллаев Бауыржан.

@bake_sagitzhanov , @_bauyrjan.

2 жоба. Нейронды протез. 3D-Технология көмегімен нейрондық датчик арқылы басқарылатын бионикалық қолды жобалау. Аты айтып тұрғандай мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған, атап айтқанда дене мүшелерінің жетіспейтін бөлігін осындай нейрондар арқылы басқарылатын протездермен толықтыру. Мақсат - осындай жандардың толыққанды өмір сүруін қамтамасыз ету.

Жоба авторы: Сагитжанов Берік, Жетекшісі: Аманов Бекзат.@bake_sagitzhanov,@_bauyrjan._

3-жоба. Төтенше жағдайға арналған бағдарламаланған өрмекші робот. Апатты жағдай кезінде, мысалы жер сілкінісі, жарылыс салдарынан ғимараттардың, шахталардың қирауы себебінен адамдар көміліп қалып жатады. Сол орайда құтқарушы топ нақты қай жерде адам жатқанын таппай, әр жерді қазып дал болып уақыт жоғалтып жатады, соның кесірінен кешігіп адам шығыны да орын алады. Сондықтан осындай проблемалардың бірден бір шешімі ретінде бағдарламаланған өрмекші робот ұсынылды. Өйткені бұл өрмекші робот кез келген қуысқа кіріп кете алады, жүрген жолының картасын сызып, адам жатқан жерлерге белгі тастап кетіп отырады.

Орындаушы Убайдуллаев Бауыржан, 2 курс робототехникалық жүйелер мамандығы. Жетекшісі Аманов Бекзат.@bake_sagitzhanov, @_bauyrjan._

Осы үш жобаның ішінен әділқазылар алқасы «Нейронды протез» жобасын үздік деп тауып, жоба авторлары Берік Сағитжанов пен механика кафедрасының 2-курс студенті Убайдуллаев Бауыржан арнай Дипломмен марапатталып,100000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

Құттықтаймыз!

Сілтемелер:

Инстаграм https://www.instagram.com/p/B_DT3Ncl_Z2/

ВК https://vk.com/public181736180?w=wall-181736180_36

Динара Туралина

Механика кафедрасы