Механика кафедрасының түлегі BRGM-French Geological Survey компаниясында

11.04.2020

Көрулер: 2186

Өмірбеков Сағын Күмісханұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының түлегі, профессор А.Қалтаевтың шәкірті. 2013 жылы «Геоэнертика» бағдарламасы арқылы қос дипломдық магистратураға оқуға түсіп, білімін әрі қарай Француз Республикасында жетілдіруге мүмкіндік алды. Қазіргі таңда БРГМ (BRGM-French Geological Survey) компаниясында яғни Француз Республикасының геология зерттеу орталығында және Arts et Metiers ParisTech университетінде докторантура бағдарламасын тәмәмдағалы жатыр.

Бұл докторантураға Сағын 2017 жылы Болашақ бағдарламасы арқылы түскен болатын.

Сағынның докторлық бағдарламасын аяқтап, диссертациясын сәтті қорғауына тілектеспіз!

https://drive.google.com/file/d/1ydNyjwaGGy-gjom766i1elJqgVCMn-HH/view?usp=sharing

Жаңалық Инстаграмда https://www.instagram.com/p/B-2k9TXFeY-/

 

Механика кафедрасы

Туралина Динара Елеусизовна