Магистранттар Абай – Верн бағдарламасының стипендиясын жеңіп алды

14.07.2018

Көрулер: 2726

Механика кафедрасының 2-курс магистранттары Зарина Туртаева, Еламан Максум және Дидар Бергентаев «Абай – Верн» бағдарламасының стипендиясын жеңіп алды.

2018 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі мен Францияның сыртқы істер министрлігі «Абай-Верн» стипендиалдық бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойған болатын.

Бағдарлама студенттерге француз немесе ағылшын тілдерінде жыл сайын білім алуға арналған шәкіртақылар ұсынады: бірлесіп жетекшілік ету арқылы магистратураның 2-курс деңгейінде және докторантура бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

Жеңімпаздар 10 ай бойы ай сайын 800 еуро көлемінде стипендия, сондай-ақ осы уақыт аралығында (2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың маусымына дейін) тегін білім алатын болады. Олар мемлекеттік жоғары оқу орындарында тіркеу жарнасын төлеуден босатылады, ұзақ мерзімді тегін визаға ие болады және студенттер жатақханаларында орындар бөлінгенде басымдық алады.

Сертификаттарды табыстау рәсімі 2018 жылы 9 шілдеде Сорбонна-Қазақстан Институтында Қазақстандағы Франция Елшісінің, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің жауапты хатшысының және Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Президенттерінің қатысуымен өтті.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

http://www.kazakhstan.campusfrance.org/page/стипендиальная-программа-абай-верн

https://www.kaznu.kz/

 

Механика кафедрасы

Туралина Д.Е.