Магистранттар Төртқұдық кен орнында практикадан өтті

15.06.2018

Көрулер: 2919

Механика кафедрасындағы «Геоэнергетика» мамандығының магистранттары (Зарина Туртаева, Максим Еламан, Бергентаев Дидар, Елдана және т.б.) 2018 жылдың маусым айының 01 мен 03-ші аралығында «КАТКО» БК ЖШС басқаратын Төртқұдық кен орнындағы уран өндіретін зауытта өндірістік практикадан өтті.

«КАТКО» БК ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мойынқұм және Төртқұдық кен орындарында уран өндіру бойынша жұмыстарды жүргізу мақсатында 1996 жылы құрылған« AREVA» француз компаниясының (51% акциялар) және «Қазатомөнеркәсіп » Ұлттық атом компаниясының (акцияларының 49%) бірлескен кәсіпорны болып табылады.

Соңында барлық студенттер өндірістік тәжірибенің табысты аяқталғанын растайтынын сертификаттарға ие болды.