Сабирова Малика ҚР БҒМ грантына ие болды!

29.04.2019

Көрулер: 2221

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері 2019-2020 оқу жылының күзгі семестріне ҚР БҒМ жариялаған академиялық ұтқырлық байқауының жеңімпаздары атанды. Конкурсқа ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық деңгейде танылған (IELTS, TOEFL) сертификаттары бар, сонымен қатар академиялық үлгерімі (GPA) жақсы және жетістіктері (мамандық бойынша Дипломдары) бар студенттер қатысты Нәтижесінде, академиялық ұтқырлық аясында университетіміздің 62 студенті 2019-2020 оқу жылының күзгі семестрінде әлемнің жетекші университеттерінде білім алады. Олардың ішінде «Механика» кафедрасының 1 курс студенті Сабиров Малика да бар!

Құттықтаймыз!

www.kaznu.kz

 

Механика кафедрасы

Туралина Д.Е.