Студенттердің 39 – лицейде өткен практикасы

26.04.2019

Көрулер: 2100

Сегізінші семестрде «5В060300-Механика» мамандығының оқу жоспарына сәйкес механика кафедрасының 25 студенті С. А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған физика-математикалық лицейде педагогикалық практикадан өтті.

Бес аптаға созылған тәжірибе барысында студенттер физика, математика және информатика пәндерінен сабақ берді. Жүректеріндегі қорқыныш пен үрейді, сенімсіздікті жеңіп, бар білімдерін оқушылармен бөлісті. Олар жаңашылдыққа талпынатын жастар ретінде сабақтарын заманның талабына сай жабдықталған кабинеттерде жүргізді. Олардың ішінде математика сабағын ағылшын тілінде жүргізген студенттер де болды.

Практика соңында педагогикалық практика барысында  ерекше көзге түскен студенттерді мектеп директоры Найла Тоқтамұратовна Маликова Алғыс хатпен марапаттады.

www.kaznu.kz 

 

 

Механика кафедрасы

Туралина Д.Е.