Бірлескен білім бағдарламаларын әзірлеу жайында

22.04.2019

Көрулер: 2706

  2019 жылдың 7 сәуірі мен 14 сәуірі аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетіне Францияның Нанси университетінің профессоры Оливьер Ботелла іс сапармен келді. Ол өзінің қысқа мерзімді сапары барысында қос дипломдық бағдарлама бойынша механика кафедрасының«Геоэнергетика» мамандығында білім алушы магистранттарға дәріс оқыды.

  Сапар барысында механика және математика факультетінің басшылығымен кездесу өткізілді, онда одан әрі ынтымақтастықтың келешегі, атап айтқанда, механика және энергетика, сондай-ақ математикалық мамандықтар бойынша бірлескен білім бағдарламаларын (Joint Programme) әзірлеу және жүзеге асыру жайы талқыланды.

  Профессор О.Ботелла сонымен қатар механика және математика факультеті механика кафедрасының бірінші курс студенттері (Аманжолов Таннур, Шәкір Есен, Әлиұлы Абдурашид, Бәйімбетов Дінмұхамбет, Кутимов Кияс, Босинов Данияр) «Фурманов шыңы» бағыты бойынша ұйымдастырған экологиялық сенбілікке де қатысты.

www.kaznu.kz

 

Механика кафедрасы

Туралина Д.Е.