Декан стипендиясы!

26.02.2019

Көрулер: 2157

Факультет деканы Д.Б.Жакебаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің үздік студенттерін қолдау, оларды білімге, ғылымға, қоғамдық және мәдени-шығармашылық істерді атқаруға ынталандыру мақсатында стипендия тағайындады.

Қоғамдық және мәдени-шығармашылық істерді атқаруда белсенділік танытып, жетістіктерге жеткені үшін 50 000 теңге көлеміндегі стипендия механика кафедрасы «Механика-5В060300» мамандығының 1-курс студенті Калтырбаев Диасқа берілді.

 

 

Механика кафедрасы,

Д.Е.Туралина