Жаңалықтар

ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

19.04.2024

«Механика және энергетика» мамандығының 1 курс магистранттарының педагогикалық тәжірибесі аясында «Механика» мамандығының қазақ бөлімінің 2 курс бакалавриат студенттеріне «Жер экожүйесін сақтау» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Механика-математика факультеті аумағында эдвайзер Алибаева Қарлығашпен және студенттермен бірлесе отырып, 4 түрлі (каштан, каталпа, гибискус, туя) ағаш көшеттерін отырғызу шарасы сәтті ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

Ғылым қызметкерлерінің күні қарсаңында механика кафедрасының профессорлары марапатталды

12.04.2024

Ғылым қызметкерлерінің күні қарсаңында механика кафедрасының профессорлары Әлібай Ысқабайұлы Ысқақбаев пен Кеңес Бәжкенұлы Жақыповқа Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан құттықтау келді. Біз де ғалымдарымызды мерекелерімен құттықтаймыз!

Ары қарай оқу >>

2024 жылдың 8 сәуірі мен 20 сәуірі аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика кафедрасында Лотарингия университетінің (Франция) Қауымдастырылған профессорі, доктор Оливье Ботелла іссапармен жүр.

12.04.2024

2024 жылдың 8 сәуірі мен 20 сәуірі аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика кафедрасында Лотарингия университетінің (Франция) Қауымдастырылған профессорі, доктор Оливье Ботелла іссапармен жүр. Екі университет арасындағы қос дипломдық магистратура бағдарламасы аясында ол «7M05405 – Механика және энергетика» мамандығы бойынша бірінші курс магистранттарына (М1) дәріс оқиды. Дәрістер офлайн режимінде және ағылшын тілінде, «Сандық талдау» және «Есептеу гидродинамикасы» пәндері бойынша жүргізіледі. Келесі жылы таңдалған студенттер Абай-Верн стипендиялық бағдарламасының қолдауымен Франциядағы магистратураның екінші курсында (М2) оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады.

Ары қарай оқу >>

III Халықаралық Фараби Форумының жеңімпазы

12.04.2024

05-11.04.2024 күндері ҚазҰУ - да өткізілген Студенттік бизнес-инкубаторлары инновациялық жобаларының байқауына 60 жоба қатысты. Байқаудың нәтижесі бойынша «Қоқысты немесе басқа да заттарды жинап, реттеуші автономаттандырылған робот» жобасы ең үздік деп танылып, «Робототехникалық жүйелер» мамандығының 1 курс докторанты Рахматулла Заңғар 150 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды және арнайы Дипломмен марапатталды. Жоба жетекшісі, кафедра оқытушысы Сагитжанов Берікті және Рахматулла Заңғарды жеңістерімен құттықтаймыз.

Ары қарай оқу >>

"ФАРАБИ ӘЛЕМІ" АТТЫ ЖАС ҒАЛЫМДАР МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

11.04.2024

«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясының пленарлық мәжілісінде 3-орын жеңімпазы атанған «Механика» мамандығының 4-курс студенті Карлина Елизаветаны және жетекшісі профессор м.а. Беляев Ержан Келесұлын да құттықтаймыз!

Ары қарай оқу >>

ВАСИЛИЙ АНТОНОВИЧ САПАНЫҢ ҒАСЫРЛЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ: УАҚЫТПЕН БЕЛГІЛЕНГЕН ӨМІР

05.04.2024

«7М05404 – Механика» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары Алакова А.С., Байзакова А. М., Жумабаева Т. А. физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Василий Антонович Сапаның 102 жылдығына арналған «Василий Антонович Сапаның ғасырлық мерейтойы: уақытпен белгіленген өмір» тақырыбында ашық іс-шара өткізді.

Ары қарай оқу >>

ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

04.04.2024

Педагогикалық практика аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Механика-математика» факультеті, «Механика» кафедрасының «Робототехникалық жүйелер» білім беру бағдарламасының 1 - курс докторанттары А.И. Акжолова, Б.Ә.Талпақова, Д.М. Уйпалакова 04.04.2024 жылы тұрақты дамудың 17 мақсаттарының бірі, 6-ншы мақсаты "Таза су және санитария" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Ары қарай оқу >>

ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ БОЙЫНША ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ

30.03.2024

Тұрақты даму мақсаттары-жер шарын қорғау және бейбітшілікті сақтау үшін қабылданған жаһандық мақсаттар. 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттары 17 мақсатты іске асыру бойынша жұмыс істейтін болады.

Педагогикалық практика бойынша 29.03.2024 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Механика-математика факультеті Механика кафедрасының, «8D07117 - Робототехникалық жүйелер» БББ 1 курс докторанты М.Қ. Сулейменов тұрақты дамудың 17 мақсаттарының бірі «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Білім мен мәдениетті ұштастыру: театр этикеті туралы сабақ

07.03.2024

«Механика және энергетика» мамандығының 1 курс магистранттарының педагогикалық практикасы аясында Муталипова Камила мен Токтарова Айжан «Механика» мамандығының 2 курс бакалавриат студенттеріне «Театр әдебі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Дәрісте театрға бару әдебі жан-жақты талқыланып, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері туралы қысқаша нұсқаулар жазылған брошюралар да таратылды.

Ары қарай оқу >>