Жалпы ақпарат

Іргелі медицина кафедрасы Жоғарғы Медицина мектебінің барлық мамандықтарында оқитын студенттерін базалық медициналық пәндер – молекулалық және жасушалық биология, медициналық генетика, медициналық биофизика, гистология, қалыпты және патологиялық анатомия, қалыпты және патологиялық физиология және т.б. бойынша оқытумен қамтамасыз етеді.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 53 оқытушыдан құралған, соның ішінде: 2 медицина ғылымдар докторы, 1 биология ғылымдар докторы, 11 кандидат және PhD докторлар, 39 магистр.

Кафедра меңгерушісі, б.ғ.к.

Сарсенова Ляззат Кадыргалиевна

lazzat.sarsenova@kaznu.kz

lazzatsarsen@gmail.com

Сарсенова Л.К. медициналық білім берудегі әдіснамасы саласындағы сарапшы.

Шет елде, оның ішінде Израиль, Англия, Дания, Сингапур және Финляндия мемлекеттерінде оқудан өтті.

2006 жылдан бастап Мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламалары шеңберінде медициналық білім беруді жетілдіру, МЖМБС дамыту, типтік оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сараптамалық және жобалық топтарының мүшесі;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік комиссияларының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің медициналық білім беру ұйымдарын сертификаттау және лицензиялаудан кейінгі бақылау жөніндегі мүшесі;

2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Медициналық білім беруді модернизациялау» жобасы шеңберінде медицина қызметкерлерінің медициналық этика және коммуникативтік дағдыларын дамыту жөніндегі жұмыс тобының координаторы.

Қызығушылығы: радиобиология, медициналық білім беру әдістемесі, медицинадағы коммуникативтік дағдылар.

   

 Ню Марина Андреевна

nyu.marina@kaznu.kz

m.nyu.87@gmail.com

“Іргелі медицина” кафедрасының меңгерушісінің оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Аға оқытушысы

Медицина ғылымдарының магистрі

ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ:

Цереброваскулярлық апаттардың алдын-алу

БАСЫМ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮДДЕЛЕР: 

 

 Белсенді оқыту әдістері

Қарым-қатынас дағдылары

Эмоционалды интеллект

ТІЛДЕРДІ БІЛУІ: Қазақ, ағылшын, орыс 

ХОББИ: кітап оқу, қолөнер

 

 

 

Журабекова Гульмира Атагуловна

“Іргелі медицина” кафедрасының меңгерушісінің ғылым  жұмысы жөніндегі орынбасары

Медицина ғалымдарының кандидаты, Қауымдастырылған профессор

2001 жылы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық академиясының Емдеу факультетінің Жалпы практикалық дәрігер дипломы алынды

• 2008  жылы 14.00.15 – патологиялық анатомия мамандығы бойынша диссертация қорғап медицина ғылымдарының кандидаты диплом алынды

• 2018 жылы қауымдастырылған профессор  ғылыми дәрежесі алынды  

• 2012-2013 Болашак Халықаралық стипендиясы шенберінде «Дене шынықтырудың, спорт жаттығулырдың, адаптивті дене шынқтырудың теория және методикасы» юойынша ғылыми практика Лакуила Университетінде (Италия) өтілді.

Ғылыми бағыттар:

Репродуктивті морфология, овариалді резерв, аналық бездің иммуногистохимиясы, медициналық білім.