"Қазақстандағы PR және БАҚ. Ғылыми еңбектер жинағы"

01.10.2019

Көрулер: 2157

2020 жылдың бірінші жартысында Журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының жанындағы «Қазақстандағы PR және БАҚ. Ғылыми еңбеқтер жинағы» - «PR и СМИ в Казахстане. Сборник научных трудов» ғылыми жинағының 18 саны жарыққа шығады.

Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде ғылыми жұмыстар байқау негізінде қабылданады.  

18-ші санға мақала берудің мерзімі - 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Ғылыми мақалалардың жинағы жылына 2 рет жарияланады.

«Қазақстандағы PR және БАҚ. Ғылыми еңбеқтер жинағы» - «PR и СМИ в Казахстане. Сборник научных трудов» жинағының 17 саны 2019 ж. қыркүйік айында жарық көрді. Жинақ ЮНЕСКО-ны насихаттауға және тұрақты даму мақсаттарына арналды.

18-ші санда - Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан,  қазақ, орыс және ағылшын  тілдеріндегі мақалалар жарық көрген.

Мақалаларға қойылатын талаптар:

беттен аспайтын мәтіндер Microsoft Word немесе сонымен үйлесімдегі редакторында электронды нұсқада, Times New Roman қаріпте, 14 көлемдегі қаріппен, бір интервалда ұсынылуы қажет.

Мәтін редакцияланған, автордың қолы қойылған болуы керек, автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы, жұмыс орны мен қызметі, телефон номері, елі толық көрсетілуі қажет.

Мақала соңында 7.1-2003 ГОСТ-ына сәйкес жазылған әдебиеттер тізімі болуы керек.

Міндетті түрде болуы керек: түйін сөздер, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аңдатпа.

Жұмыстар электронды адрестерінде қабылданады:

          laila_akhmetova@mail.ru

          l.s.akhmetova@gmail.com

 

Бас редактор, профессор Л.С. Ахметова