Батима Әскербекқызының шеберлік сабағы

05.02.2019

Көрулер: 2212

2019 жылы 5-ші ақпан сәрсенбі күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде Қабдолданова Батима Аскербекқызы  1-курс студенттеріне  PR саласы тақырыбында шеберлік сабақ орыс тілінде  өткізді.

         Республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік "Гүлстан" журналында 2007 жылдан бері бұқаралық ақпараттар құралдарының журналистерімен үздік жұмыс барысын , жинақтаған тәжірибесін айтып берді. Шет ел мен салыстырғанда Елімізде де PR  саласының дамуында университеттің оқытып жатқан мамандарының тұрақты жұмыс орны болуы, бүгінгі күнгі студенттердің  алатын білімі  және шеберлік сабақтар арқылы тәжірибе жинақтау, көп тілді меңгеру  аса қажет деді, тәжірибелі маман Батима Кабдолданова.

         10 жылдан астам уақытында  "Гүлзар" қоғамдық бірлестігінің үкіметтік емес ұйымдар арасында белсенді экология , PR тақырыптарының қыр-сырымен , аса қажет әдебиеттердің студенттерге оқуына қажет екендігін ,  PR саласының бүгінгі күні  қажет мамандық екен - деді  Батима Кабдолданова.          Шет ел тәжірибесі Ұлыбритания, Түркия мемлекеттері және ТМД Қырғыз Республикасында орналасқан жоғары оқу орын мен PR  әріптестік орнату жолдарында кездесетін кедергілер мен жеткен жетістіктеріне тоқталды. Тыңдаған студентердің сұрақтарына жауап берген PR саласының маманы Батима Кабдолданова , жазғы мезгілде тәжірибе жинақтау мақсатында жұмысқа шақырды.

         Шебер сабақтың ұйымдастырушысы халықаралық журналистика және қоғамдағы медиа ,  ЮНЕСКО кафедра, профессор Ахметова Л.С.