Күзгі РR мектебі өткізілді
Көрулер: 2777
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының ұйымдастыруымен «Коммуникация және медиа: тұрақты даму стратегиясы» атты V Халықаралық дәстүрлі Күзгі РR мектебі өткізілді. Осыған орай, БАҚ өкілдерін ақпараттық қолдау көрсетті.
Шара аясында шетелдік және қазақстандық журналистердің, танымал PR мамандарының шеберлік сыныптары өткізіледі.
Күзгі мектепте Ауғанстан мемлекетінің журналистері, атап айтқанда «Voice of Americas» телеарнасының редакторы Nazari Aria, «Tolo News» редакторы, «Bano Travel Agency» директоры Sadat Marjan, «Dawar Travel Agency» директоры Dawar Mirwais, «Jahane Nor» университетінің менеджері және «Tolo News» редакторы Naseri Nasir Ahmad, Кабул Политехникалық университетінің PR-менеджері Haykalzada Enayatullah, «Arman TV» телеарнасының редакторы Noori Sadam, «Arezo TV» телеарнасының журналисі Noori Sabawoon, «Aryana TV» телеарнасының журналисі Rasouli Rostam Homayoon, сондай-ақ отандық тренерлер: Халықаралық «Әділ сөз» ұйымының сарапшысы Ғалия Әженова, «Пионер Инвест» ЖШС Директоры Қуат Домбай, «Kaspi Bank» АҚ баспасөз хатшысы Ербол Азанбек, блогер, сайт редакторы Айжан Кульмуханбетова, «Кселл» АҚ PR-маманы Салтанат Бердіқұлова, PR-менеджер Бәтима Қабдолданова, SMM маманы Торғын Әбушахманжәне т.б. дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
V Халықаралық Күзгі РR мектебінің басты бағыттары:
PR трендтері 2018;
Цифрлық PR;
Push хабарламаларын жасау және қолдану;
SMM-технологиялар;
Мультимедиалық контент құру. Лонгрид форматы;
Цифрлық телевидение. Инновациялық технологиялар;
Ақпаратты реттеу және БАҚ заңнамасы;
Медиарилейшнз. Жаңа медиа - жаңа менеджмент;
Ақпараттық сайттарға контент дайындау тәсілдері т.б.
Өткізілген күні: 29-30 қараша, 2018 жыл. Басталуы сағ. 10:00.
Өткізілген орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; «Әл-Фараби» кітапханасы
Байланыс мәліметтері: 8 (727) 377 33 33 ішкі 1942; 8 701 993 90 07
ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі Назгүл Тұрсынбайқызы Шыңғысова
e-mail: Nazgul.Shyngysova@kaznu.kz; nazgul.shyngyssova@gmail.com