«Қазақстандағы гендерлік журналистика бойынша оқу бағдарламаларын күшейту» атты екі күндік семинар-тренинг өткізді

02.11.2018

Көрулер: 477

Қазақстанның 15 университеті «Гендерлік журналистика бойынша оқу бағдарламаларын күшейту» жобасына қатысады

2018 жылдың 2-3 қараша күндері ЮНЕСКО-ның журналистік оқу бағдарламасының жаңа моделі негізінде Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы мен ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы «Қазақстандағы гендерлік журналистика бойынша оқу бағдарламаларын күшейту» атты екі күндік семинар-тренинг өткізді. Семинарға республикалық ЖОО журналистика мамандығының оқытушы-профессорлары қатысты.

Жобаның мақсаты – еліміздегі университеттердің журналистика оқытушыларын гендерлік журналистиканы оқытуға машықтандырып, білім беру.

БАҚ мазмұнындағы гендерлік теңсіздік, стереотиптер мен кемсітулер қоғамдағы орын алып отырған практикалық және әлеуметтік нормалармен және журналистика мамандығы бойынша ЖОО оқытушыларының дайындығының болмауымен, гендерлік тақырыптағы академиялық ықпалдың жеткіліксіздігімен байланысты.

Гендер және БАҚ пәні қазақстандық университеттердің журналистика мамандықтарында тар шеңберде көрініс табады, оқытушылар теңсіздік туралы стереотиптерді қалыптастыра отырып, гендерлік мәселелерді тек әйел адамдарға тән деп көрсетуге тырысады. Бұл бұқаралық ақпарат құралдарында, жарнамада, баспа және онлайн мақалаларда, теле,- және радио бағдарламаларда стереотиптердің одан сайын таралуына әкеледі.

ЮНЕСКО индикаторлары гендерлік стереотиптерді жою арқылы практикада әйелдер мен ер адамдардың әділ бейнесін қолдануға әрі тұрақты дамудың 5-ші – Гендерлік теңдік және 16-шы – Әлем, әділеттілік және тиімді институттар Мақсаттарының жүзеге асуына ұтымды ықпал етеді.

 

Толығырақ төмендегі сілтемелерде:

https://en.unesco.org/events/kazakhstan-strengthening-curriculum-gender-journalism

https://fr.unesco.org/events/kazakhstan-renforcement-du-programme-etudes-journalisme-genre

https://ru.unesco.org/events/kazahstan-usilenie-uchebnoy-programmy-po-gendernoy-zhurnalistike

Өткізілген күні: 2-3 қараша, 2018 жыл.