«РR-білім: толғаныстар мен талпыныстар» тақырыбына Дөңгелек үстел

01.11.2018

Көрулер: 2218

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы Жұртшылықпен байланыс жөніндегі ұлттық ассоциациямен, PR-шы Клубымен және PG Communication Агенттігімен бірлесіп, үстіміздегі жылғы 1 қараша күні сағат 11.00-де журналистика факультетінің Акт залында (230 аудитория) «РR-білім: толғаныстар мен талпыныстар» тақырыбына Дөңгелек үстел мәжілісін өткізді.

Мәжілісте қоғаммен байланыс мамандығының мәртебесін айқындау, оқу мен өндірісті ұштастыру, отандық оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу мәселелері қарастырылды.

Дөңгелек үстел жұмысына  Жұртшылықпен байланыс жөніндегі ұлттық ассоциация төрайымы Светлана Крутских, PR-шы Клубының президенті Шынар Жәнібекова, Қазақстан Баспасөз клубының басшысы Әсел Қарауылова, ұйымдар мен кәсіпорындардың қоғаммен байланыс департаменттерінің өкілдері қатысып, өз ойларын ортаға салынды.