«Қазақстандағы PR және БАҚ жинағының №15 саны жарыққа шығады

08.10.2018

Көрулер: 2716

2019 жылдың бірінші жартысында Журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының жанындағы «Қазақстандағы PR және БАҚ. Ғылыми еңбеқтер жинағы» - «PR и СМИ в Казахстане. Сборник научных трудов» ғылыми жинағының 16 саны жарыққа шығады.

Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде ғылыми жұмыстар байқау негізінде қабылданады. 

16-ші санға мақала берудің мерзімі - 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Ғылыми мақалалардың жинағы жылына 2 рет жарияланады.

«Қазақстандағы PR және БАҚ. Ғылыми еңбеқтер жинағы» - «PR и СМИ в Казахстане. Сборник научных трудов» жинағының 15 саны 2018 ж. қыркүйік айында жарық көрді. Жинақ ЮНЕСКО-ны насихаттауға және тұрақты даму мақсаттарына арналды.

16-ші санда - Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан, Венгрия, Түркиядан қазақ, орыс, ағылшын және қырғыз тілдеріндегі мақалалар жарық көрген.

Мақалаларға қойылатын талаптар:

беттен аспайтын мәтіндер Microsoft Word немесе сонымен үйлесімдегі редакторында электронды нұсқада, Times New Roman қаріпте, 14 көлемдегі қаріппен, бір интервалда ұсынылуы қажет.

Мәтін редакцияланған, автордың қолы қойылған болуы керек, автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы, жұмыс орны мен қызметі, телефон номері, елі толық көрсетілуі қажет.

Мақала соңында 7.1-2003 ГОСТ-ына сәйкес жазылған әдебиеттер тізімі болуы керек.

Міндетті түрде болуы керек: түйін сөздер, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аңдатпа.

Жұмыстар электронды адрестерінде қабылданады:

          laila_akhmetova@mail.ru

          l.s.akhmetova@gmail.com