«Интерньюс Казахстан» заңгері Ольга Диденконың «Сот журналистикасы. Хэндбук» тақырыбындағы шеберлік сыныбы
08.10.2018
Көрулер: 1967
«Интерньюс Казахстан» сарапшысы Ольга Диденконың Шеберлік сабағы «Сот журналистикасы. Хэндбук»
Журналистика факультетінде 2018 ж. 12 қазан күні сағат 13.00-де 212 аудиторияда «Интерньюс Казахстан» заңгері Ольга Диденконың «Сот журналистикасы. Хэндбук» тақырыбында шеберлік сағаты өтеді. ҚР сот жүйесі туралы, сот процесінің негізгі кезеңдері, cот статистикаларын іздеу, сот мұрағатына қолжетімділік және өзге де ақпараттар берілді.
Сот залына фотоаппаратпен кіруге бола ма?
Сот залында өзіңді қалай ұстау керек?
Сот процесінің желісін қалай түсіруге болады?
Сот шешімін немесе үкімді қалай алуға болады?
Тағы басқа да журналистер арасындағы ең жиі кездесетін сауалдарға жауап ала алды.