Пресс-конференция "Балаларға бірге көмектесеміз!"

17.11.2017

Көрулер: 1826

Балаларға бірге көмектесеміз!

17-ші қарашада Республикалық Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында шала туған сәбилердің ата-аналарына арналған баспасөз мәслихаты мен қайырымдылық Ашық есік күні өтті.

Ұйымдастырушылар - Республикалық перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы және Біріккен Ұлттар Ұйымының «ЮНАЙ -  академиялық топтарымен өзара іс-қимыл» Бастамаларының Ғаламдық Хабы болып табылатын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы.

Іс-шараға  БҰҰ-ның Қазақстандағы ДОЙ өкілдігі,  Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпараттық бюросы қолдау білдірді.
Жыл сайын әлемде 2008 жылдан бастап 17-ші қарашада  Халықаралық шала туған сәбилер күнін атап өтіледі. Бұл – қоғамда бар түткілді ашық және жариялы түрде айтуға мүмкіндік бертін күн.
Іс-шараның мақсаты –  шала туылғын сәбилер мен  мерзімінен бұрын босану проблемасына, олардың отбасы жағдайына қоғам  назарын аудару, әлеуметтік тұрғыдап қолдап, қайырымдылық көмекті көрсету.

Іс-шараға қатысушылар:

 Республикалық Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Жақашева Эльмира Қоқыбайқызы;

Балалар жансақтау бөлілімінің жетекшісі Чагай Марина Сергеевна;
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Властимил Самек;
Ақпараттық серіктес (оқыту-консалтингтік іс-әрекет аясында): әл-Фараби атындаңы ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО, Халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы.