«Халықаралық көпір – инновациялық мүмкіндіктер платформасы»

09.11.2016

Көрулер: 2079

2016 жылдың 15 қарашасында сағ 11.00-де журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының ұйымдастыруымен  Т. Қожакеев атындағы №230 мәжіліс залында Гирне Америка университетінің (Girne American University) директоры Орхан Гасаноглумен кездесуге шақырамыз. Тыңдаушылар 2016-2017 жылы Америка университетінен академиялық бағдарламалар бойынша гранттар мен жеңілдіктер алуға бірегей мүмкіндіктерге ие бола алады. Университет оқытушылары мен студенттері Америка университетінің АҚШ, Ұлыбритания, Кипр, Түркия және Гонконг мемлекеттеріндегі филиалдары туралы толық ақпарат алады. Кездесуде Бакудегі қысқа мерзімді Халықаралық қысқы мектеп және Кипрдегі Жазғы бағдарлама бойынша да ақпарат алуға болады.

Жауаптылар: ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі, филол.ғ.д., профессор Н.Т. Шыңғысова; кафедра меңгерушісінің орынбасары, аға оқытушы Д. Байгожина.