Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған республикалық «Тәуелсіздік тағылымы» атты ақындар айтысы

12.04.2016

Көрулер: 2014

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының  ұйымдастыруымен студенттер арасында  өтетін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған республикалық «Тәуелсіздік тағылымы» атты ақындар айтысының ережесі

 

Байқау 9 ақпан -10 сәуір аралығында өткізіледі

 

 Мақсаты: 

     Егеменді елеміздегі студент жастардың тәуелсіздіктен кейін қол жеткізген толымды табыстарын, жеткен жетістіктерін, шыққан биіктерін, қарышты қадамын, төл өнеріміз-айтыс арқылы жырлау. Өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін, ұлттық құндылығын сүюге тәрбиелеу.

   ЮНЕСКО тарапынан белгіленген «поэзия күнін» ұлтымыздың төлөнері айтыс арқылы республикалық деңгейде салтанатты түрде атап өту.

 

Тақырыбы:

 

1) Қазақ хандығының 550 жылдығы;

2) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы;

3) Тәуелсіз отан жастарының бақытты өмірі, білім алу арманы.

 

Қазылар алқасы:

  1. Қазылар алқасы филолог-ғалымдар, белгілі ақын-жазушылар және журналистерден құралады.
  2. Жалпы саны бес адам.
  3. Төрағасы іштен сайланады.

 

Шарттары:

 

 1.Байқау республикалық деңгейде өтетіндіктен еліміздегі әр университеттен екі айтыс ақыны қатыса алады.

 3. Айтысқа қатысатын студенттер 2016 жылдың 10-сәуіріне дейін өздерінің толық аты-жөнін, шығармасын (жазба ақындар) nazgul_71mail.ru электронды поштаға жіберу керек.  

 

Ескерту: қатысушылар авторлық құқықты бұзғаны үшін өздері жауапты.

 

Жеңімпаздарды марапаттау: 

Арнайы ақшалай жүлделер, сыйлықтар, дипломдар.

 

Байқауға ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комисия жанындағы материалдық емес мәдени мұраны қорғау Ұлттық комитеті қолдау көрсетеді.

 

Байқаудың өтетін уақыты:

2016 жыл 20 сәуір

Басталуы: 13.00

Өтетін орны: Әл-Фараби кітапханаcы, 4 қабат.

 

Ақпарат үшін: ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы, филол.ғ.д., профессор Шыңғысова Назгүл Тұрсынбайқызы, тел.: 8(727)377 34 43; моб: +77019939007; аға оқытушы Шаймаран Мұрат, тел.: +77016185091; аға оқытушы Садуакас Абай Айтмұқашұлы, тел.: +77072120097.