«Ақпараттық серіктестік аясындағы халықаралық журналистика: әлемдік үрдіс»
29.02.2016
Көрулер: 2321
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен халықаралық журналистика мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференция тақырыбы: «Ақпараттық серіктестік аясындағы халықаралық журналистика: әлемдік үрдіс».
Өткізілетін күні: 7 сәуір, 2016 жыл. Басталуы сағ. 10:00.
Өткізілетін орны: журналистика факультеті, Т.К.Қожакеев атындағы мәжіліс залы