Докторанттардың ғылыми семинары

16.10.2020

Көрулер: 1445

2020 жылдың 16 қазанында биофизика және биомедицина кафедрасының докторанттарының ғылыми семинары өтті. Ғылыми семинар екі бөлімен тұрды. Бірінші бөлім ғылымдағы жаңалықтар бойынша биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы Датхабаева Г.К. ғылымдағы бірқатар жаңалықтарды атап өтті. Сонымен қатар кафедраның оқытушысы Тауасарова М.К. «The new coronavirus is COVID-19. Diagnostic method» тақырыбында баяндама жасады. Екінші бөлімде «8D05101 - Биология» мамандығының 2 курс докторанттары Кудайбергенова Алия және Сырайыл Саягүл диссертациялық жұмыстары бойынша баяндама жасады. Ғылыми семинар қосымша Microsoft teams платформасында жүргізіліп отырды.

www.kaznu.kz.