әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің түлектер күні туралы ақпарат

02.06.2020

Көрулер: 1690

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің түлектер күні туралы ақпарат

Биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасында Абу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің түлектер күні онлайн режимде 30 мамырда өтті. Кафедра түлектері мен өткен жүзжылдықта оқыған және осы жылғы түлектер жаңа форматта кездесті. Бұл жыл 1980 жылғы түлектер үшін мерейтойлық жыл, себебі С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеніне 40 жыл, 1980 жылдары біздің университет осылай аталған. Бұған дейін бұл кафедра адам және жануарлар физиологиясы және биофизикасы деп аталған, кездесуге осы бірлескен кафедраның 20-дан астам түлектері қатысты. Кездесуге 2020 жылдың түлектері – студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты.

Кездесу биология және биотехнология факультетінің деканы, ҚР ҰҒА корреспондент - мүшесі, б.ғ. д., профессор Б. К. Заяданның құттықтау сөзімен басталып, құттықтау барысыда біздің факультет пен кафедраның республикамызға жоғары білікті биологтарды дайындауға қосқан үлесін атап өтті. Ұрпақтардың байланысын және тәлімгерліктің дамуын, түлектердің өз кафедрасымен тұрақты байланысын атап өтті.

Кафедра меңгерушісі б.ғ. д., профессор С. Т. Төлеуханов өзінің құттықтау сөзінде кафедраның дамуы мен жетістіктері, педагогикалық ұжым жұмысының нәтижелері туралы айтты. Тек 2019-2020 оқу жылында кафедра университеттің эндаумент қорына 1 миллион теңге аударды, құрал-жабдықтар мен реагенттер сатып алу арқылы 13 миллион теңгеден астам сомада оқу процесін материалдық қамтамасыз ету ұйымдастырылды, студенттерді қолдауға 11 миллион теңгеге шәкіртақы бөлінді, оның ішінде жұмыс берушілер де бар. Кафедра түлегі Адам және жануарлар физиологиясы ғылыми-зерттеу институтының меңгерушісі, б.ғ.к. Абдрешов стипендия үшін 500 мың теңге бөлді.

1980 жылы биофизика кафедрасының түлегі және Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры, б.ғ.к. Бабашев А.М. өзінің оқыған жылдарын және ұстаздарын, атап айтқанда қазіргі уақытта жұмысын жалғастырып келе жатқан профессор В.М. Инюшинді еске алды. Профессор В.М.Инюшин 1963 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-н бітірген, біздің факультеттің түлегі және де көптеген жылдар бойы 1973 жылы құрылған биофизика кафедрасын басқарды.

Кездесу бағдарламасына сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі т.ғ.д., профессор Г.М. Мутанов пен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері қауымдастығының президенті, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор К.А Мамидің бейне құттықтаулары және «ҚазҰУ: Университет, болашаққа үміт» атты видеоролик көрсетілді.

Қазіргі таңда Қазақ спорт және туризм академиясының оқытушысы, 2018 жылдың PhD докторы университет қабырғасында, кафедрамызда оқыған жылдарын еске алып, өз алғысын білдірді. Сонымен қатар 2020 жылғы түлектер арасынан PhD докторы Усипбек Ботагоз сөз сөйледі.

Мамырдың соңғы сенбісінде түлектердің жыл сайынғы дәстүрлі кездесуінен басқа, оқу жылы басталған кезде қазан айында кафедра деңгейінде кездесу өткізіп, кездесуге ағымдағы оқу жылының түлектерін шақыру туралы шешім қабылданды. Мәми Қайрат Әбдіразақұлының тәлімгерлік туралы идеясын және оны бірлескен зерттеулер мен ғылыми жобаларды жүзеге асыру арқылы толығымен қолдау.

Кездесу соңында "Армандастар"әні шырқалды.

www.kaznu.kz