Инфодемия зардаптарын жоюдағы бизнес коммуникация

03.12.2020

Көрулер: 1514

COVID-19 пандемиясының зардаптарының қатарындаИнфодемия - жалпы әлемдік ауқымдағы маңызы бар, әсіресе Қазақстан үшін қауіпті әрі өзекті проблема. Инфодемиядағдарысы  адамзаттың өмірін өзгертті. Ғылыми жоба инфомедия  дағдарысын жоюда «Disinfoblock» әлеуметтік бизнес бағдарламасы көмегімен шығу жолдары қарастырылды. Сондай-ақ БҰҰ тұрақты даму мақсаттары аясында мемлекеттік бірлескен бағдарламалардың көмегімен тұрғындардың цифрлық тұтыну мәдениетін қалыптастыру механизмдері ұсынылды. 

Мақсаты: Бинес коммуникация саласында инфодемиямен күресу шешімдерін ұсыну жобаның мақсаты саналады. 

Жобаның негізгі идеясы: Инфодемия зардаптарын жоюда әлеуметтік бизнес  бағдарламаларын ұсыну 

Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы. Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік бизнес бағдарламаларына виртуалды қатысуы мен цифрлық сауаттылығын жақсарту.   

Зерттеу әдіснамасы. Зерттеу жұмыстары жүйелік, салыстырмалы және құрылымдық-функционалды әдістер

Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдауларыScopus онлайн-зерттеулер базасы, Тейлор және Фрэнсис зерттеулерін жариялайтын Health Communicationжурналында,  ҚР БҒМ ғылыми журналдар тізімдемесіне енген  ҚазҰУ хабаршысы  мақала жариялау жоспарланды.

Зерттеудің құндылығы. Жоба алғаш рет әлеуметтік бизнес коммуникация мәселелеріне арналған. 

Жұмыс қорытындысының практикалық маңызы инфодемия зардаптарын жоюдағы әлеуметтік жауапкершілікке негізделген бизнес технологияларын қолдаумен айқындалады. 

Кілт сөздер: бизнес коммуникация, инфодемия,  жалған ақпарат.