Орталық Азия журналистика хабын құруға кедергі жоқ
24.07.2019
Көрулер: 2029
ҚР БҰҰ Жаһандық коммуникация департаменті қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті 85 жылдық және «Túrkistan» халықаралық саяси апталығының 25 жылдық мерейтойлар аясында өткен «Жаһандық коммуникация және ұлттық медиа: азаматтарға арналған тиімді қолжетімдік» жазғы мектеп күндері спикерлер азаматтарға арналған ақпараттық дағдылар мен азаматтардың медиа өкілеттілігі туралы Орталық Азия елдерінің тәжірибесін бөлісті. БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары аясында биылғы жылы ЮНЕСКО Медиа және ақпараттық сауаттылық апталығы жаһандық тақырыбы – азаматтардың медиа өкілеттігі.
Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғыз елінің өкілдері өз елдеріндегі журналистиканың проблемасы мен практикасы жайлы баяндады. "Түркітілдес елдердің ақпараттық кеңістігі бір, тәжірибесі әрқилы"- дейді Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбек ұлттық университеті журналистика факультетінің профессоры Якутхон Маматова. Орталық Азия елдері университеттері журналистика факультеттерінің келесі басқосуы Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Ташкент қаласында өткізу ұйғарды.
«Túrkistan» халықаралық газетінің Бас редакторы Қуат Әуесбай баспасөздегі менеджмент жайлы дәріс оқып, қазақстандық БАҚ-тағы басқару жөнінен мысалдар келтіріп, тәжірибе бөлісті. Баспасөзде шынайы мәлімет берудің маңызы азаматтардың объективті ақпаратқа қолжетімдігі туралы шеберлік сыныбында Ахмет Өмірзақ пікір айту этикасы жайлы пікірлері көп талқыға түсті. Бейбіт Тоқтарбайдың азаматтық журналистика даму үрдістерін сараптауы шетелдік БАҚ-тағы көрінісі мен ұлттық баспасөздегі кейстермен талдамасы көршілес елдер тәжірибесімен ұштасты. Динара Мыңжасарқызының әлеуметтік журналистиканың ықпалдылығына арналған дәрісі деректерді пайдаланудағы өзінің шығамаршылық тәжірибесімен бөлісті.
Жаңа бизнес медианың жаңа толқыны - Жәния Әбдібек пен Айжан Карибаеваның дәрістері Өзбекстан, Қырғызстан ұлттық журналистика факультеттері ғалымдарының жоғары бағасын алды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің озат түлектерінің жаңа медиа мен іскерлік журналистикадағы үздіксіз ізденістері қуантты. Іскерлік медаиның топ-мамандарының академиялық ортадан алыстамай, ғылыми зерттеулермен айналысу және жаңа білім беру бағдарламаларын бірлесе дайындау, оның практикалық базасын құру жайлы келісімдер жасалды.
Журналистика мектебіне журналистика практкиасына жаңа қадам бассқан massaget.kz жастар порталында контент-менеджер Есқали Томиристің инфорграфика, дизайн және лонгрид дайындау тәжірибесін Өбекстан делегациясы жоғары бағалады.
Өзбекстан және Қырғызстан университеттері журналистика факультеттері профессорлары жиылған журналистика және коммуникация жазғы мектебі Орталық Азия елдері журналистері мен ғалымдарының медиаалаңына айналды.
Гүлмира Сұлтанбаева