«"Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғыртудағы телевизия және радио журналистика»

12.02.2019

Көрулер: 2550

Конференция жұмысы медианарыққа мамандар дайындау мәселесі, бұқаралық коммуникация құралдарын зерттеу әдістері, медиаиндустрияның өндірістік нарығын зерттеуге арналады.

Ғылыми алқасөз қарсаңында Журналистика факультеті студенттеріне арналған байқау ұйымдастырылады. Ең үздік студенттік ғылыми және шығармашылық жұмыстарға арнайы дипломдар мен демеушілер тарапынан сыйлықтар табыс етіледі.

 

Байқау номинациялары:

1. Үздік телесюжет

2. Үздік телебағдарлама

3. Үздік радиосюжет, радиобағдарлама

4. Үздік деректі фильм

5. Үздік циклдық телематериал

6. Үздік ғылыми-зерттеу жұмыс

 

Конференцияға Қазақстан Республикасының атақты теле, радио журналистері, бұқаралық коммуникация саласын зерттеуші ғалымдар, қазақстандық электронды БАҚ өкілдері, журналистика факультетінің студенттері мен магистранттары, докторанттары қатысады.

 

Ақпарат: Марат Кәрібайұлы Барманқұлов (1937-2000) – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 35 жылдан аса журналистика факультетінің деканы қызметін атқарды және телевизия және радио журналистика кафедрасының меңгерушісі болған. М.К. Барманқұловтың алғаш жарық көрген кітаптары «Репортаж на радио и ТВ» (1970 ж.) және «Весь мир у вас в квартире» (1972 ж.), «Журналистика для всех» – кітаптары студенттер мен журналистердің жұмыс кітабына айналды. Теоретик, телепублицист ғалым, журналистика, түркітану, мәдениеттану салалары бойынша көптеген кітаптардың авторы. 2001 жылдан бері Барманқұлов оқуларын өткізу дәстүрлі шараға айналды.

 

Ұйымдастырушылар:

Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының профессоры, т.ғ.д Барлыбаева Сәуле Хатиятқызы

Тел.: 87773386132, Е-mаil: tv.headmaster@gmail.com

Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлмира Серікбақызы Сұлтанбаева

Тел.: +77272211492, 87073777049, Е-mаil: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz;

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Ардақ Белғараева

Тел.: 8 (727) 221-13-51, 8 701 888 72 76, Е-mаil: ardak2776@gmail.com