«Сөйле, Қазақстан!»

27.12.2018

Көрулер: 1548

«Сөйле, Қазақстан!»

     «Телерадиожүргізушінің шеберлігі» пәнінің ашық сабағы аясында 3-курс студенттері арасында 4-желтоқсан күні «Сөйле,Қазақстан!» атты кәсіби-шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Байқауда болашақ ақпарат жаршылары алған білімдерін сынап, кәсіби деңгейдегі маман ретінде арнайы түсірген реалити шоуларын көрермендер назарына ұсынды. Сонымен қатар, тікелей эфирде өзін-өзі ұстау, экран этикасы мен эстетикасын сақтау, тіл мәдениетін меңгеру шеберліктері бойынша 4 топ сайысқа түсті.

   Сыннан шыңдала түсетін қайсар мамандық иелері үшін «Сөйле,Қазақстан!» жобасы - үлкен тәжірбие алаңы. Сондықтан да бұл байқауды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр. Байқауға қатысқан 3-курс студенттері «Профессор Марат Барманқұловтың ізбасарлары», «Қазақ киносының хас шебері Шәкен Аймановтың ізбасарлары», «Көрнекті көсемсөзші Камал Смайловтың ізбасарлары», «Сыншы - телепублицист Сағат Әшімбаевтың ізбасарлары» номинациялары бойынша арнаулы дипломдармен марапатталды.

                                                                Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті Ж. Әбдіжәділқызы