“Журфак-тың жүйріктері”

19.12.2018

Көрулер: 1588

Телерадиожурналистика пәнінен өткізілген (10.12.18) қорытынды ашық сабақ аясында тұңғыш рет “Журфак-тың жүйріктері” атты реалити шоуға құрылған кәсіби-шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Байқауға қатысқан 1-курс студенттері “Ең үздік тележүргізушілер тобы”, “Ең үздік телекомментаторлар тобы”, “Ең үздік телерепортерлер тобы”, “Ең үздік телешолушылар тобы” номинациялары бойынша сайысқа түсті. Әлемнің бірнеше тілінде сөйлеп ұлттық тележурналистиканы үздік шетелдік телекомпаниялармен ұштастырған “Әлемдік журналистика” тобы алтын арғымақ үлгісіндегі бас жүлдені иеленді.

Профессор Барманқұлов атындағы “Телезертхана” үйірмесінің жетекшісі: Әбдіжәділқызы Жидегүл