Тәуелсіздік күніне тарту

09.12.2018

Көрулер: 1467

“Ұлы даланың жеті қыры” деген тақырыппен 102-топ студенттері Тәуелсіздік күніне арнап мерекелік концерт ұйымдастырды (13.12.18). Топ студенттері Ұлы даланың жеті қырын жеті өнермен сипаттап берді. Тақырыптық шараны 101-топ “Рухани жаңғыру”, ал 103-топ “Тәуелсіздік тағылымы” атты концерттік бағдарламасымен жалғастырды. Бірі сазсырнайда ойнап ұлы даланың әсем де әуезді үнін дәріптесе, енді бірі күмбірлеген күміс көмей домбыраның шанағынан шежіре төкті; мың бұралған бишілердің ырғағы ақындардың Тәуелсіздікті толғаған жалынды жырларына ұласты. Осылайша, мемлекеттік әнұранмен басталып, “Атамекен” әнімен аяқталған мерекелік концерт шәкірттердің жүрегін отансүйгіштік рухқа бөледі.

102-топ эдвайзері: Әбдіжәділқызы Жидегүл