«ЮНЕСКО білім беру моделі» бойынша журналистика біліктілігін арттыру курсы

13.12.2018

Көрулер: 2438

 

Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты әл-Фараби ат. ҚазҰУ журналистика факультетімен бірлесе отырып, ЮНЕСКО Алматы Кластерлік Бюросының қолдауымен ЖОО журналистика кафедрасының оқытушылар құрамы, редакторлар, газет және он-лайн редакциялардың тілшілері, БАҚ және медиа компаниялардың өкілдері, ЮНЕСКО білім беру модель бойынша үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.

           Оқу форматы:

Курс бағдарламасында дәрістер оқылып, кейстер негізінде оқу материалдарын құрастыруға арналған материалдар ұсынылады. Сондай-ақ жеке және топтық практикалық сабақтар, презентациялар, пікірталастар, жобаларды талдау және кәсіби консультациялар өткізілетін болады.

Оқу кестесі:

Екі және үш апталық курс ішінде белсенді өткізілетін семинар-тренингтер мен шеберлік-сыныптары:

а-теориялық модульдер бойынша материалдарды таныстыру және зерттеу;

б - жеке немесе топтық тапсырмаларды орындау;

в-шығармашылық-практикалық міндеттерді орындау;

с-оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру.

 

Курстардың тақырыбы мен өту мерзімі қосымшада көрсетілген.

Курстар қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

       Тыңдаушыларға әл-Фараби атындағы БАИ және МДҰ біліктілікті арттыру курсын бітіргені туралы 72 сағат көлемінде куәлік беріледі.

 

Құжаттарды алдын ала ipk.kaznu@gmail.com мекен-жайға жіберу керек.

Біздің мекен-жайымыз: 050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 71, № 6 оқу ғимараты ipk.kaznu@gmail.com

Байланыс ақпараты: Тел.: +7 (727)3773333 ( ішкі. 1461)

Орындаушы: БАИ және МДҰ Бас маманы Білдебаева Дидар Моб.тел: 87757501499

Координатор: Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары Нурманова Маржан Сейтжапарқызы,  

e-mail: Marzhan.Nurmanova@kaznu.kz

тел: +7 (727) 2211351, Moб.: 87014842888