Шеберлік сағаты

25.09.2018

Көрулер: 2853

2018 жылдың 24  қыркүйегінде журналистика факультетінің №227 аудиториясында танымал тележүргізуші, продюсер және белсенді қоғам өкілі А.А. Оразалинованың «Интерактивті қазақстандық теледидар және продюсерлік» атты шеберлік класы өтті.

Көптеген телебағдарламалардың авторы және модераторы Адель Оразалинова журналистика факультетінің студенттерімен қазіргі телешоуларды жасаудың заманауи әдіс-тәсілдерімен бөлісті. 

Іс-шараны ұйымдастарушылар – баспа және электронды БАҚ-кафедрасының аға оқытушысы Л.П. Нода және ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті А.В. Рожков.