Бекхожин оқулары

18.11.2018

Көрулер: 1894

 2018 жылдың 7 желтоқсаны күні сағ.10.00-де Y Бекхожин оқулары  аясында «Қазақ журналистикасының тарихын зерттеудің қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі: теориялық және тәжірибелік мәселелер»  тақырыбында республикалық  ғылыми-әдістемелік конференциясы және  студенттер мен жас ғалымдардың «Жас зерттеушілер» атты ғылыми форумы өтеді.

Ғылыми форумда Хайыржан Бекхожиннің шығармашылығы мен ұлттық баспасөз тарихына арналған ең үздік ғылыми-зерттеу жұмыстары, сондай-ақ телерадио және жаңа медиалық жобалар сынға түседі.  

Байқау мынадай номинациялар бойынша өтеді:   

-  Ең үздік ғылыми жұмыс;

-  Ең үздік тележоба;

-  Ең үздік радиобағдарлама;

-  Ең үздік публицистика;

-  Қ.Бекхожиннің өмірі мен шығармашылығына арналған ең үздік мультимедиалық жоба.

            Қосымша ақпарат: Х.Н.Бекхожин (1910-1979 ) – еліміздің журналистика ғылымы мен білімінің ірге тасын қалаушы, көрнекті қазақ журналистерінің бірі. Ол 1929-39 жылдары «Кеңес туы» және «Колхоз» (Павлодар), «Екпінді» (Семей) аймақтық басылымдарында журналистік қызмет атқарды. 1942 жылы ҚазҰУ-дың журналистика бөлімін тәмамдады. 1943 жылдан бастап Отан соғысы аяқталғанға дейін Қостанай облыстық «Большевиктік жол» газетінде редактор болып еңбек етті. 1945 жылдан өмірінің соңғы сәттеріне дейін  ҚазҰУ-дың большевиктік баспасөз теориясы мен тәжірибесі кафедрасында аға оқытушы, осы жылдың 1-маусымынан факультет деканы, 1948-1976 жылдар аралығында журналистика тарихы кафедрасының меңгерушісі және профессоры болды. 

       Байқау жеңімпаздарына       Қазақстан ұлттық журналистикасы ғылымы мен білімінің негізін салушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хайыржан Нұрғожаұлы Бекхожин атындағы арнайы стипендиялар тағайындалып, бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Ғылыми жиында аталған мәселелердің аясында, ұсынылған материалдар жинақ түрінде тегін жарық көреді.

        ЖАРИЯЛАНЫМ:

      Ұйымдастыру комитеті конференцияда жасалған баяндамалар жинағын басып шығаруды жоспарлауда. Мәтіндердің мазмұны конференция тақырыбына сай болуы шарт.

Өтетін орны:  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті,  профессор Т. Қожакеев атындағы Акті залы /230 ауд/.

Ұйымдастырушылар: Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты «Бекхожинтанушы» ғалым  Майкотова Ғалия Тілеубергенқызы.

тел.: моб: +87027444702

эл-пошта: maykotova.galyiya@gmail.com;

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Белгараева Ардақ Тайгараевна, тел.: комм. 8 (727) 2211351, моб: +87018887276

эл-пошта: ardak2776@gmail.com;