Блогтур

28.11.2018

Көрулер: 1815

Al-Farabi SmartUniversity блогтуры 29-30 қараша 2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кітапханасында 29 қараша 2018 жылы сағат 10:00-де «Al-Farabi SmartUniversity блогтур» жұмысын бастайды.

Блогерлер ғұлама ғалым әл-Фарабидің қайырымды қала туралы іліміне негізделген «Al-Farabi university – smart city» ғылыми-инновациялық даму моделімен танысады.

Екі күндік бағдарлама аясында блогосфераның танымал өкілдерімен кездесулер, көрнекті ғалымдар, кәсіпкерлер, журналистердің шеберлік-сыныптары өтеді. Блогерлер университет кампусымен танысады. Блогтурға еліміздің өңірлерінен жас журналистер, блогерлер қатыса алады.

Ақпарат: Ғұлама ғалым әл-Фарабидің қайырымды қала туралы іліміне негізделген «Al-Farabi university – smart city» ғылыми-инновациялық жобасы. Университеттің жаңа моделі технологиялық және рухани-танымдық платформаларды қалыптастырады. Ақылды университеттер – интелектуалды ұлт кепілі, Smart-қалалар, ақылды ел негізі.

Байланыс үшін: әл-Фараби ат. ҚазҰУ Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы меңгерушісі Гүлмира Сұлтанбаева +77242211492, моб: +77073777049; e-mail: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, sultanbaeva@gmail.com

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Журналистика факультеті PhD докторанты Әйкерім Әлімжанова +77073909790, aikerim.alimzhan@gmail.com

Блогтур жұмыс кестесі.

1-күн:9.00 – 10.00 – Тіркеу

10.00-13.00 - Танымал блогерлердің шеберлік-сыныптары

13.00-14.00 – Түскі ас

14.00-17.00 – Блогерлердің университет кампусымен танысуы: факультеттер, жоғары мектептер, ғылыми орталықтар мен институттарды аралау.

17.00-18.00 – Кампусқа тур

2-күн:

10.00-13.00 – «Al-Farabi SmartUniversity» туры бойынша қатысушылардың блог постары таныстырылымы.

13.00-14.00 – Түскі ас

14.00-15.00 – Естелік сыйлықтар табыстау. Фотосессия

15.00-16.00 - Жабылуы