Кездесу

19.11.2018

Көрулер: 2187

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «әл-Фараби» радиостудиясының жұмыс істеп, университет және студенттер өмірінен ақпарат таратып тұрғанына жиырма жылдан астам уақыт болды. Радио жыл сайын өз мамандарын даярлауда жетістіктерге жетіп келеді. Студияда «Жас радиожурналист» атты үйірме жұмыс істейді. Үйірме мүшелері кәсіби мамандармен жиі кездесіп тұрады.

Сондай кездесулердің бірі – Қытайдағы Пекин мемлекеттік радиосы қазақ бөлімінің журналисі Гүлмира   Қозыбақовамен өтті. Қытай радиожурналисі екі ел журналистикасының айырмашылықтарына тоқталып, ерекшеліктерін атап өтті. Шәкірттер мейманға көптеген сұрақтар қойып, өздері үшін қызықты жайларды әңгімелеп беруін өтінді. Кездесу мазмұнды , әрі қызықты өтті. Болашақ радиожурналистер қонаққа алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсіп, өздеріне көптеген мағлұмат алды.