Алыптар апталығы

03.12.2018

Көрулер: 3544

Уақыты: 2018 жылы 5 желтоқсан сағат 9:00


Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің №208 «Qazaqstan» оқу-шығармашылық зертханасы.

 

2018 жыл 5-7 желтоқсан аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде «QAZAQSTAN» телеарнасы ардагерлері мен мамандарының «Алыптар апталығы» шеберлік күндері өтеді. 
Апталық аясында «Телевизиядағы ұрпақтар сабақтастығы: телехабар таратудың кешегісі мен бүгіні» тақырып аясында «Qazaqstan» арнасында әр жылдары қызмет еткен Ласкер Сеитов, Құсман Игісіновтер бастаған ардагерлердің, сондай-ақ Нұртөлеу Имангалиұлы, Әшірбек Көпішев, Марат Тоқашбаев, Төлеубай Қаймолдинов, Фатима Бегембаева, Баян Сұлтанова, Ауртур Алипов, Мэльс Байсамбаев, Гүлмария Барманбекова, Мария Айымбетова, Ерлан Атамбай, Қайрат Мусакулов, Мейіржан Жиенәлі, Ма
ржан Болатханқызы, Гүлназ Әлімгерей, Қымбат Досжан, Берік Есенбай, Алмат Әбідраман сынды танымал тележурналистердің шеберлік сыныптарына қатысуға болады.

Ақпарат: «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы - республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясы АҚ құрамына кіреді. 1958 жылы ірге көтерген телеарна еліміздегі ең ірі медиа құрылым. «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамында 3 республикалық телеарна, 14 аймақтық арна, 4 радио және 36 интернет сайт кіреді. 2015 жылдың қазан айынан бастап, ерекше маңызды жаңалықтар легін жедел түрде kaztrk.kz порталынан арнайы ашылған kaznews.kaztrk.kz сайты арқылы тарата бастады.

«Қазақстан» РТРК Акционерлік Қоғамымен университет тығыз ынтымақтастықта. 2016 ж. «Қазақ радиосының» 95 жылдығы «Шалқар» радиосының 50 жылдығы Университетте аталып өтті. 2018 жыл 15 ақпанда «QAZAQSTAN» телеарнасының 60 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінде заманауи техникамен жабдықталған №208 «Qazaqstan» оқу-шығармашылық зертханасы салтанатты түрде ашылды.

Байланыс: Журналистика факультеті, баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева
тел.: +7(727) 2211492; факс: +7(727) 3773514, моб: +77011527488; +77073777049, 
эл-пошта: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, kmlabkz@gmail.com