2022 жылдың 8 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасында сағат 14.00-де "Alash Media Group" медиахолдинг жетекшілерінің және журналистика факультетінің академиялық қоғамдастығының қатысуымен ғылыми-практикалық семинар өтеді.
Семинар тақырыбы: «Журналистика және медиа коммуникациядағы білім беру бағдарламалары: ақпараттық кеңістіктің сын-қатерлері».
Академиялық пікірталастар келесі бағыттар бойынша өтеді:
Журналистика бойынша білім беру бағдарламалары: алға жылжу және сын-қатерлер
• Білім беру бағдарламаларының ұлттық моделі
• Медиа білім берудегі пәнаралық көзқарас.
• БАҚ нарығына маман дайындаудағы практикалық құзыреттер
• Студенттің медиа шеберханадағы практикалық дағдылары
• Цифрлық құзыреттер және тиімді тәжірибелік технологиялар
• Пәнаралық көзқарас және тәжірибелік бағдарламаларды құру.
• Мәдениетаралық қатынастар және студенттердің цифрлық өмір салты.
• Журналистиканы оқыту саласындағы коммуникативті тенденциялар.
Семинар жұмысына ҚазҰУ журналистика факультетінің ғалымдары, студенттері, магистранттары мен докторанттары, БАҚ мамандары қатысады.