Іс-шаралар

Жатақхана - өз үйім

02.11.2022

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті үшін тарихи сәт. Тамыры терең №5 жатақхана күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, өз студенттерімен қауышты.

Ары қарай оқу >>

28 қазан мен 6 қараша аралығында Smart Point-те «Цифрлы күз: Сезімдер» виртуалды шынайылық фестивалі

24.10.2022

Францияның Қазақстандағы Елшілігі 2022 жылдың 28 қазаны мен 6 қарашасы аралығында Алматы қаласындағы Smart Point орталығында (Алматы қ., Байзаков көшесі, 280) Алматы Француз Альянсы, Ресей Француз институты, Less Media Group агенттігі және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетімен серіктестікте «Цифрлы күз: Сезімдер» атты виртуалды шынайылық фестивалін ұйымдастырады. 27 қазан күні сағат 19:00-де журналистер мен цифрлы мәдениет саласының мамандарына арналған ашылу салтанаты ұйымдастырушылар, Францияның Алматыдағы Бас консулы және Францияның Қазақстандағы Елшілігінің Ынтымақтастық және мәдени бөлімі өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Ары қарай оқу >>

Журналистика факультетінде «DIGITAL MEDIA» практикумы жобасы басталады

19.10.2022

Әл-Фараби атындағы ТРК базасында журналистика факультеті студенттеріне медиа және журналистика практик мамандары қолдауымен   «DIGITAL MEDIA» практикумы жобасы аясында видео, аудио және графикалық контент даярлауды үйретеді. 

Ары қарай оқу >>

ОҚЫТУШЫ МЕН СТУДЕНТ. МОНОЛОГ ПЕН ДИАЛОГ...

10.10.2022

Қасиетті қара шаңырақ Журналистика факультетінің дәлізіне баспалдақпен көтеріліп келе жаттым. Әр баспалдағы, әр қабырғасы сөйлеп тұрғандай, үн қатқандай болды. Дәлізге жетіп, оңға бұрылып едім, 226 аудиториядан араның ұясындай құжынаған студенттердің шулаған дауыстары естілді. Оң қолыммен аудиторияның есігін ашып, ішке кірдім. Лық толған студенттер дем арада орындарына жайғасып, амандасып, ілтипат білдіре бастады.

Ары қарай оқу >>

ФАКУЛЬТЕТ ТЫНЫСЫ. КАФЕДРАДАҒЫ ӨМІР. ПАРАСАТТЫ ТҰЛҒАЛАР...СЕЙІТЖАНОВА ЖАНАТ САНУАРҚЫЗЫ

10.10.2022

«Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасы деген тақтайшасында жазуы бар №225 кабинетке кіре салысымен хош иісі аңқыған, түр-түсінде мін жоқ тамаша гүлдерді көресіз. Топырағын құнарлы етіп, әр сабағына мейіріммен су құятын Сейітжанова Жанат Сануарқызының «қош келдіңіздер» деген үні әр оқытушы мен әр студенттің құлақ құрышын қандырады. 

Ары қарай оқу >>

Аударма сапасын тыңдағандар жақсы бағалады

07.10.2022

160-тан астам студент бір мезетте медиа, коммуникация, журналистика және PR туралы микс форматта жаттығуларды орындап, ұтысқа қатысып, жаңа гаджеттерді тестілеп те үлгерген шеберлік сыныбында синхронды аударма жасадым. Бұл менің аударма ісіндегі алғашқы тәжірибем.

Ары қарай оқу >>

Н. Иманғалиұлы атындағы "Qazaqstan" оқу-шығармашылық зертханасының қоры жаңа кітаптармен толықты

25.09.2022

Бұл жолы ағамыздың зайыбы Қарлығаш ханым Нұртілеу Иманғалиұлының жеке кітапханасынан 100 кітапты тарту етті. Зертханада сабақ барысында студенттер тележурналистика мен медианың дарабоздары мен майталмандарының кітаптарын оқуға, талдауға және зерттеу жұмыстарына қолдануға мүмкіндік алды. Қазақ телевизиясының алып тұлғасы Нұртілеу Иманғали мұрасы жазылған 50 жылдық цифрлық архиві осы зертханада сақталған. Қарлығаш апайға ерекше алғыс айтамыз. Ағамыздың рухы шат болсын.

Ары қарай оқу >>

"Фотожурналист анықтамалығы"

25.09.2022

Бүгін ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде фотоөнердегі ұстазым, "Фотоөнер" ҚБ-нің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы ағамызбен бірлесіп әзірлеген "Фотоография өнері" және ағаның жеке авторлығымен "Фотожурналист анықтамалығы" оқу-құралының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараны журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы құттықтау сөзімен ашып, ұстазымыз Сағатбек Медеубекұлы жүргізіп отырды.

Ары қарай оқу >>